LG теледидарлары тағы да жұқарады

LG теледидарлары тағы да жұқарады

Көптеген смартфон өндірушілері соңғы кездері ұстауға ыңғайлы болуы үшін өнімді жұқартуға тырысып келеді. Ал LG компаниясы теледидардың қалыңдығын смартфонның енімен бірдей етіп шығармақ.

The Korea Times ақпаратына сенсек, оңтүстіккорейлік компания өнімін 6 қаңтарда басталатын CES 2015 көрмесіне қояды. Art Slim технологиясымен құрастырылған теледидарлар екі нұсқамен шығады. Өнімнің ең ерекше тұсы оның қалыңдығында болмақ. Айта кетсек, теледидар небәрі 7,5 мм-лі жұқа көлемге ие болыпты.

Сондай-ақ, LG компаниясы Лас-Вегасте өтетін көрмеге квантты нүкте технологиясымен дайындалған теледидарларын да алып келмек. Белгілі болғандай, LG 2015 жылдағы табысын теледидар нарығынан табуды жоспарлап отыр.

Сурет: www.clickonline.com

Ж. Өрісбай