- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алғашқы гибридті ұшақ...
Алғашқы гибридті ұшақ тәжірибеден өткізілді
Гибридті, яғни, екі түрлі энергия көзінен қуат алатын автомобильдер бұрыннан бар. Ал гибридті ұшақтар ше?
Кембридж университетінің инженерлері Boeing компаниясымен гибридті ұшақ құрастыруға келісімге келген. Гибридті көліктер сұраныста болғанымен, оның энергия жинақтауышы тиісінше дамытылмаған.
Инженерлердің айтуынша, осыдан бес жыл бұрын қуат жинақтауыштар ұшаққа қондыру үшін өте ауыр болған. Ал қазіргі технология оның салмағын жеңілдетуге мүмкіндік бере алады.
Кембридж ғалымдары ұшақтың құрылымына Honda ұсынған төрт цилиндрлі ішкі жану қозғалтқышы мен арнайы тапсырыспен жасалған электрлі қозғалтқышты қондырған.
Ұшу кезінде екі қозғалтқыш бірдей жұмыс істейді. Ал белгілі биіктікке жетіп алғаннан кейін, бензинмен жұмыс істейтін қозғалтқыш өшіріледі. Одан бөлек, ішкі жану қозғалтқышы электрлі аналогына генератор қызметін атқара алады.
Құрастырушылар ұшақты Ұлыбританияда сынақтан өткізді. Ол 400 метрге дейін көтеріліп, тәжірибе сәтті болды. Ендігі зерттеу жұмыстары жанармайды үнемдеп жұмсауға бағытталмақ.
Сурет: hi-news.ru
Ж. Өрісбай