TAG Heuer классикалық сағаты «смарт» үлгіге ауысады

TAG Heuer классикалық сағаты «смарт» үлгіге ауысады

Француздық LVMH компаниясының Tag Heuer смарт-сағатын шағыруы туралы сыбысты Reuters ақпараттық агенттігі растады.

TAG Heuer басшылығы классикалық швейцар сағатының заман ағымына қарай «смарт» үлгіге ауысу идеясын құптамайтынын о бастан айтқан болатын. Дегенмен, Apple Watch анонсы олардың келісім беруіне түрткі болған көрінеді.

LVMH компаниясына салтанатты бұйымдарды сүйетін адамдарға арналған өнімдерді шығаратын Louis Vuitton, Givenchy, Guerlain, Chaumet, Moët & Chandon, Hennessy және де TAG Heuer брендтері кіреді. Ауқатты тұлғаларға арналып шығатын қымбат сағаттың классикалық үлгісі енді электроникамен жабдықталмақ.

Швейцарияның көптеген сағат жасаумен айналысатын компаниялары осындай қиындыққа тап болды. Соңғы екі жылдың көлемінде нарықта жоғары технологиялық смарт сағаттардың көбеюіне байланысты, қарапайым сағаттардың сатылымы төмендеп кеткен.

«Біз бұл жоба үстінде жұмыс істеуді бірнеше ай бұрын бастадық. Әзірге смарт-сағаттың толық концепті ғана жасалды. Ендеше, танымал брендтің нарықтағы үлесін жоғалтып алмау үшін электроникаға ауысамыз. Оған осы салада тәжірибесі бар компанияларды серіктестікке шақыруды жоспарлап отырмыз», - дейді LVMH компаниясы сағат өндірісі саласынының басышысы Жан-Клод Бивер.

 

Ендеше LVMH серіктестері қатарында Google немесе Intel компанияларының болу мүмкіндігі туралы Бивер айтудан бас тартты. Бірақ нақты осы жоба аясында компанияның жаңа серіктестері пайда бола бастағанын ескеріп өтті.

Сарапшылардың айтуынша, TAG Heuer смарт сағаты классикалық кварц сағат механизмі мен Intel базасында жұмыс істейтін электронды процессордың қосындысынан тұруы мүмкін. Смарт үлгідегі сағат адам денсаулығын қадағалайтын бірнеше сенсорлармен қамтылады.

Сурет: red-dolphin.com

Ж. Өрісбай