- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Google Translate қазақша...
Google Translate қазақша жұмыс істей бастады
Қазір интернетте кез-келген тілдегі сөзді немесе мәтінді өзге тілге аударып беретін ресурстар жетерлік. Солардың ең танымалы – Google Translate.
Күнделікті 200 миллион адам кіретін аударма қызметі осыдан 13 жыл бұрын қосылған. Осы уақытқа дейін Google компаниясының бұл тегін ресурсы әлемнің 80-нен астам тілін қамтып үлгеріпті. Ал екі жыл бұрын еліміздегі «WikiBilim» қоғамдық қорының бастауымен Google Translate+Kazakh жобасы қолға алынды. Міне, сол жоба аяқталып, ресурс қазақ тіліндегі сөздерді де аудара бастады.
Гугл басшылығы аударма қызметіне қазақ тілін қосуға дайын екендерін бұрын да айтқан. Бірақ оны жасақтауға қазақ және ағылшын тілдерін толық меңгерген азаматтардың көмегі қажет болғандықтан, жоба біраз кешеуілдеді.
Екі жыл ішінде аударма сапасы артып, базадағы қазақ тілінің сөздік қоры арта түскен. Бірақ қателіктер әлі де бар. Оның сапасын арттыруға қолданушылар да үлес қоса алады. Ол үшін мына сілтеме арқылы өтіп, өз ұсыныстарыңызды жаза аласыздар.
Сурет: www.zharar.com
Ж. Өрісбай