- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Жақында ғаламтор қолданушылары...
Жақында ғаламтор қолданушылары құпия сөзді де қажет етпейді
Үнемі құпия сөзді ұмытып қаласыз ба? Ендеше Google, Microsoft, PayPal және Samsung секілді алпауыт компаниялар кіретін FIDO альянсы парольсіз стандартты қызмет үлгісіне ауысуды ұйғарды.
Альянс ұсынатын технологияны қолданатын сайттар мен бағдарламалар ыңғайлы әрі сенімді сәйкестендіру әдісін қолданады. Мысалы, кез келген сайтқа кіру үшін сайт оқырманы өзінің бармақ ізін немесе USB-кілтін қолданады. Бұл тіпті қандай құрылғы арқылы жасалуы да маңызды емес. Барлығына бір принцип енгізілмек.
Қазіргі кезде FIDO технологиясының көмегімен соңғы бағдарламалық және ақпараттық жұмыстар жүргізіліп жатыр. Әйткенмен жаңа стандарттың нақты әрі соңғы шешімі шығуы мен қолданысқа енуі 2015 жылдың басына жоспарланған.
Бұл әрине жаңа технологияның алғашқы қадамы. Мұнымен әзірге Bluetooth немесе NFC қызметтерін қолдануға болмайды. Сол себепті бастапқы кезде тіркелуші сайтқа кіруі кезінде қосалқы құрылғыларды қолданатын болады. Алдағы уақытта күнделікті ақпарат көзі болатын ғаламтор қызметтеріне құпия сөзді енгізбей кіретін кезге де жақын қалды.
Сурет: ©Massaget.kz
Ж. Өрісбай