Apple нәзік жандыларға арналған iPhone шығармақшы

Apple нәзік жандыларға арналған iPhone шығармақшы

Шетелдік БАҚ  құралдары iPhone-ның нәзік жандыларға арналған түрі жасалмақшы деп хабар таратып жатыр. Қазіргі таңда сұранысқа ие боп тұрған Apple компаниясының iPhone өнімінің әйелдер қауымына арналған 4 дюймді экранмен жасалған жаңа үлгісін шығармақшы.

Жаңа iPhone Apple компаниясының 2015 жылы шығарылымын тоқтататын iPhone 5c моделінен өзгеше болмақшы. Жаңа смартфон өзгелерден қолжетімді бағасымен және мөлшерімен ерекшеленетін болады.

Apple қыздарға бір қолмен жұмыс жасауға ыңғайлы болу үшін бұрынғы  iPhone-дардың кішкентай экранды моделіне қайта оралды. Себебі, iPhone 6 және iPhone 6 Plus моделдерін бір қолмен басқару күрделірек.

4 дюймді iPhone тек әйелдер қауымына арналады. Бұл үлгі сатылымға 2015 жылдың күзіне таман шығады деп жоспарлануда. Компания өкілдері бұл ақпарат туралы әлі тіс жармады.

Сурет: exscienceandnature.com, baku.ws

Е. Жұмабайұлы