- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- «Google» балаларға арналған...
«Google» балаларға арналған жаңа іздеу жүйесін ойлап тапты
«Google» компаниясының өндірушілері балаларға арналған «YouTube» пен «Gmail», «Google Chrome»-ның және арнайы іздеу жүйесінің жаңа түрін жасап жатыр. Бұл туралы британиялық The Daily Mail басылымы хабарлады.
Жасаушылардың сөзіне қарағанда, «егер іздеу жүйесі мақсатына жетіп, жүзеге асса, жасөспірімдерге ғаламтордың зиянынан пайдасы артары анық» дейді. Қазіргі таңда жаңа бағдарламалық өнім бақылаудан (соның ішінде, ғаламтор желісін тұтынушылар арасында) өткізіліп жатыр.
Бұның алдында көптеген балалар «Google Play»-дан өз беттерінше бағдарламар жүктеп, сауда жасаған. Нәтижесінде ата-аналары шағымданып, аталмыш компания қолданушыларға 19 млн АҚШ доллары көлемінде өтем ақы төлеген.
АҚШ-та 13 жасқа толмаған балаларға ғаламтор-ресурстарды қолдануға, сондай-ақ, сайттарға тіркелуге тыйым салынған. Сонда да, кейбір ата-аналар балаларының орнына өздері тіркеліп, өз беттерінше қолдануға рұқсат берген. Нәтижесінде, жасөспірімдер өз жасына сай емес, ақпараттармен қаруланады. «Google» компаниясының діттегені де сол болса керек, яғни балаларға ғаламтор жүйесінде шектеу жасау.
Бұл жаңалыққа балалардан гөрі естіген ата-аналар көбірек қуанып отыр. Себебі, алдағы уақытта бұл жүйе қолданысқа енсе, ата-аналарға бала тәрбиесі аз да болса, жеңілдей түсері анық.
Сурет: lh3.googleusercontent.com
Е. Жұмабайұлы