Sony электронды қағаздан смарт сағат жасайды

Sony электронды қағаздан смарт сағат жасайды

Электроника өндірісімен айналысатын компаниялар нарықта белсенділік таныту үшін барынша жаңа өнім шығаруға тырысып келеді. Бірнеше жыл ғана бұрын нарықта смартфонға қарағанда планшеттер басымдылық таныта бастаған болса, енді фитнес-білезіктердің нарығы келді. Расында фитнес-білезіктерге деген қызығушылық артып келеді. Ал нарықтағы сатылымды көтеру үшін тұтынушылардың көңілінен шығу керек. Аталған гаджетті жасауда Sony компаниясы да табыстың кілтін тапқан секілді.

Жапондық компания электронды қағаздан смарт сағат жасауды ұйғарыпты. Смарт сағаттың шығатыны жаңалық емес. Бірақ оның электронды қағаздан жасалуы бір бөлек. Осыған дейін электронды қағаздың қолданылу мақсаты бөлек болатын. Олар тек жарнама беттерінде тұтынушының қызығушылығын арттыру үшін өзінде бар түстерді ауыстыра алу мүмкіндігіне ие.

Сағатты құрастыру кезінде компания оның ішкі құрылымынан бөлек, сыртқы дизайнына да көңіл бөлген. "Қазір ақылды сағаттар сатылымы жоғары. Себебі олар смартфонның функцияларын қайталай алады. Ал тұтынушылар сатып алу кезінде оның сырт келбетіне де мән береді. Осы орайда көз тартатын жарнама жасау үшін электронды қағазды қолданамыз", - дейді Токиодағы зерттеу институтының басшысы.

Sony шығаратын жаңа сағат келесі жылдың басында сатылымға шығатын болады. Дегенмен оның нарықтағы бағасы туралы ақпарат айтылмады. 

Сурет: www.gizmodo.jp

Ж. Өрісбай