Жоғалмайтын «Смарт әмиян» жасалды

Жоғалмайтын «Смарт әмиян» жасалды

Бұл «ақылды» әмиянның GPS қондырғысы және Bluetooth-ы бар. Егер әмиян жоғалып кетсе, сіз смартфоныңыз арқылы іздеп таба аласыз.

StreetSmart атты компанияның смарт әмияны жақын уақытта нарыққа шығарылады деп жоспарлануда. Бұл әмиян Bluetooth арқылы әлемдік GPS жүйесіне қосылған және смартфондарды қуаттау функциясы да бар екен. Сағатына 1000mAh қуат бере алады. Компания өкілдерінің айтуынша, бұл әмиян арқылы әлемді өзгерту мүмкін емес, бірақ адамдар жолаушылап сыртқа шыққанда ақша алуды немесе әмиянды ұмыт қалдырып, жоғалтып жатса бұл жүйе өз рөлін сәулелендіреді дейді.

«Ақылды» әмиянның тағы бір ерекшелігі, егер сіз әмиянды ұмытып бара жатсаңыз Android немесе iOS жүйесіндегі қосымша өздігінен белгі беріп, сізге ескерту жасайды. Сондай-ақ, егер сіз телефоныңызды таба алмай жатсаңыз, әмияндағы батырма арқылы смартфонды «сайрата» аласыз.

Егер көңіліңізден шықса мұндай «ақылды» әмиянды 75-99$ көлеміндегі қаражат жұмсап сатып ала аласыз. Қазір өнідіріс басқышындағы өнімді келесі жылдың наурыз айынан бастап сатып алуға болады.

Сурет: streetsmartbrand.com

M. Auelkhan