- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Германияда суды бензинге...
Германияда суды бензинге айналдыратын машина ойлап табылды
Өркениеттің дамуына кедергі болатын ең басты проблемалардың бірі табиғи байлықтың сарқылу қаупі екенін сіз бен біз білеміз. Тағы бірнеше ондаған жылдан кейін олар мүлде таусылуы мүмкін. Ал уақыт өткен сайын, біз керісінше көп жанармай қажет ететін боламыз.
Қазіргі кезде, бензиннің орнын басатын альтернативті жанармай бар ма? Иә, электр көзі (электромобильдер). Дегенмен олар әзірге тым қымбат және толық дамудан өтіп үлгермеген. Сондықтан немістің Sunfire GmbH компаниясы проблеманы шешудің өзге жолын қарастырыпты. Олар қарапайым суды синтетикалық бензинге айналдыратын аппарат құрастырған.
Алдымен аппаратқа суды қосып, оған көміртек диоксидін араластырады. Сосын Фишер-Тропш процесіндегідей химиялық реакциялар жиынтығы жүргізіледі. Нәтижеде сұйық күйдегі көмірсутегі алынады. Оған дизель мен керосинді белгілі мөлшерде араластыру арқылы синтетикалық бензин жасалынады.
Немістер қарастырған жүйе ұтымды жұмыс істейді. Дегенмен, әлі толық дамытылмаған. Құрастырушылардың айтуынша, машинаның техникалық құрылымын тағы 50%-ға арттыру керек екен.
Қазір аталған аппарат Германияда күніне бір баррель жанармай шығару үстінде. Sunfire GmbH компаниясы жобасының болашақта сұранысқа ие болатыны анық. Дегенмен, әзірге мұнай қоры бар екен, аппарат жаппай сатылымға шығарылмайды. Немістер алдымен өнімді патенттеп, өндіріске ресми рұқсат алулары тиіс.
Сурет: hi-tech.mail.ru
Ж. Өрісбай