Кеңсе қызметкерлеріне арналған үстел шығарылды

Кеңсе қызметкерлеріне арналған үстел шығарылды

Компьютерлік технологияның ғасырында көптеген адам күнделікті өмірін компьютердің алдында өткізеді. Соңғы репродуктивті зерттеулердің нәтижесі отырыңқы өмірдің адам денсаулығына айтарлықтай зиян келтіретінін көрсетті. Ал нидерландтық IKEA компаниясы аталған проблеманың шешу жолын тапты.

Жүзеге асырылған идея өте қарапайым. Кеңседегі жұмыс үстелі әрі отырып, әрі тұрып жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Оның қолданылу барысы шынайы өмірде қалай болмақ? IKEA компаниясы қарапайым жұмыс үстеліне көтеруге немесе түсіруге арналған автоматты құрылғы орната білген.

Небәрі екі батырма арқылы кеңсе іскері өз қалауынша жұмыс үстелін қолайлы кейіпке келтіре алады. Егер отырып шаршасаңыз, өз жұмысыңызды тұрып жалғастыра бересіз. Бұл қазіргі кездегі монитор алдынан тұрмайтын көптеген маман иесінің денсаулығын жақсартуға бағытталған алғашқы жоба болып отыр.

Үстел Bekant Ergonomi деген атауға ие болыпты. Әзірге ол IKEA компаниясының Еуропадағы ресми дүкендерінде сатылымға шықты. Алдағы уақытта өзге де елдерге экспорттау жоспарланып отыр.

Бірнеше модельде шығатын үстелдердің ең арзан нұсқасы 490 АҚШ долларына бағаланып отыр.

Ескере кеткен жөн, аталған нидерландтық компания осыған дейін де осы идея аясында жазу үстелдерін жасап шығарған болатын. Ескі өнім Galant деп аталған. Ал бұл кез жаңарған өнім өте сәтті шыққанын арнайы сарапшы мамандар айтып отыр.

Сурет: article.wn.com

Ж. Өрісбай