- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Әлемдегі ең жұқа...
Әлемдегі ең жұқа планшет таныстырылды
Америкалық дербес компьютерлердің өндірушісі Dell әлемдегі ең жұқа планшетті ұсынды.
Расында, Dell Venue 8 7000 деп аталатын Dell компаниясының жаңа өнімінің шығуына Intel мамандары негіз болған. Аталған планшеттің қалыңдығы небәрі 6 мм-ді құрайды. Ондағы қолданылатын платформа Intel RealSense (планшет нарығында алғаш рет) деп аталады.
Оған қоса, Intel 3D-камераны қамтитын арнайы бағдарламалық қамтуларын қоса жабдықтаған. Сонымен қатар, RealSense технологиясы суретке алғаннан кейін фокусты өзгертуге мүмкіндік береді.
Dell ұсынған планшеттің өзге де мінездемелеріне тоқталар болсақ, аппаратта Intel Atom Z3500 (Moorefield платформасы) процессоры мен 8,4-дюймді OLED-дисплейіне ие болған.
Өндіруші ультражұқа Dell Venue 8 7000 планшетінің сатылымға шығуын 2014 жылдың соңына қарай жоспарлап отыр. Әзірге, жаңа планшеттің бағасы туралы сөз болмады.
Дайындаған: Жолдас Өрісбаев
Сурет:gagadget.com
Ж. Өрісбай