Windows платформасына арналған HTC One (M8) анонсы жарияланды

Windows платформасына арналған HTC One (M8) анонсы жарияланды

Өткен аптада қытайлық смартфондар бренді HTC компаниясы One (M8) флагманды смартфондарының жаңа нұсқасын ресми түрде жариялады. Аталған смартфон Windows Phone 8.1.1 операциялық жүйесінде жұмыс істейді.

Сондай-ақ, жаңа нұсқа алдыңғы "қарапайым" One (M8) смартфонымен дерлік бірдей. Артықшылығы өзге операциялық жүйеге орнатылғандығында болып отыр. HTC One (M8) for Windows Phone (WP) атауына ие болған смартфон төртядролы Qualcomm Snapdragon 801 процессоры негізінде жасалынған. Өз жадысы 2 Гбайт, ал қосалқы жады 32 Гбайтты құрайды. Сонымен қатар, Full HD мүмкіндігіне ие 5-дюймді экранмен жабдықталған.

Арнайы салыстырмалы зерттеу жұмыстарының нәтижесі WP-смартфондық нұсқасындағы батырмалар Android платформасында жұмыс істейтін нұсқасына қарағанда әлдеқайда жылдам әрі қолайлы орындалатынын көрсетіп отыр. 

Дайындаған: Жолдас Өрісбаев

Сурет: phandroid.com

Ж. Өрісбай