Apple-TV 2015 жылы шығарылады

Apple-TV 2015 жылы шығарылады

Apple компаниясы AirPlay және iTunes арқылы телекөрермендерін жинау мақсатында Apple-TV бағдарламасын белсенді түрде құрастырып жатыр. Бұл туралы компанияның бас директоры Тим Кук хабарлады.

Айтылған ақпаратқа орай, Apple-TV бағдарламасының интерфейсі iOS стилінде болып, функциясы қарапайым роутерді еске салатын болады. Сонымен қатар, бағдарламаның анонсы келесі жылға дейін жасалынбайтыны туралы да айтылып өтілді. Себебі Apple корпорациясы Америка Time Warner Cable деп аталатын АҚШ-тағы ең үлкен екінші кабельді ТВ корпорациясымен келісімге келіп үлгермеген. Келісімге қол жеткізгеннен кейін бағдарламаның ақпараттық жоспары жасалынады.

«Бұл кабельді көрсетілім, әзірге, АҚШ аумағын қамтитын болады. Алдағы уақытта ғаламдық деңгейге жеткізу жоспарланып жатыр», - дейді Тим Кук.

Тағы да қоса кететініміз, компания Apple-TV қолданушыларына 4G жылдамдықпен жұмыс істейтін ғаламторды ұсынуды негізге алып отыр.

Дайындаған: Жолдас Өрісбаев

Сурет: www.4htc.ru

Ж. Өрісбай