Жаңа Instagram Bolt мессенджері шығарылды

Жаңа Instagram Bolt мессенджері шығарылды

Жаңа Instagram Bolt қосымшасы көпке белгілі Snapchat косымшасына бәсекелес болатын болды, – деп жазады slashgear.com сайты. Жаңа мессенджер кросс-платформалы, яғни iOS және Android оперативті жүйелерінде бірдей жұмыс істей береді. Instagram әлеуметтік желісі тиесілі болған Facebook компаниясы жаңа форматтағы ақпарат алмасуға мүмкіндік беретін қосымша Snapchat-ты басып озатынына көздері жетіп отыр.

Айта кететін жағдай, бұл қосымша жеке дара автономды болып табылады. Нақтылап өтсек, қолданушының аталған қосымшамен ақпарат алмасу үшін Facebook немесе Instagram желілерінде тіркелуі міндетті емес.

Instagram Bolt-тың ерекшелігі – қосымшаға тіркелу процесі болып табылады. Қолдану кезінде, Opening Bolt опциясы автоматты түрде Bolt камерасын іске қосады. Егер досыңызға сурет жібергіңіз келсе, оның профиліндегі суретін бассаңыз болғаны. Ал видео жіберуді ұйғарсаңыз, досыңыздың суретін басып, біршама уақыт ұстап тұру қажет.

Қазіргі кезде қасымшаны Google Play және App Store арқылы Оңтүстік Африка, Жаңа Зеландия және Сингапур тұрғындары ғана көшіріп ала алады. Өзге елдерде Instagram Bolt алдағы бірнеше аптада пайда болады.

Дайындаған: Жолдас Өрісбаев

Сурет: www.slashgear.com

Ж. Өрісбай