Норвегияда велосипедшілерге арналған жол ашылды

Норвегияда велосипедшілерге арналған жол ашылды

Таулы-қыратты елдің тұрғындарына бұл идея қатты ұнапты.

Тронхейм қаласының тұрғындары велосипедке арналған лифтінің көмегімен барар жеріне жетіп алады екен. Тіпті бұл транспорт түрі қарапайым жол жүру құралына айналған. Мұндай қызмет үшін адамдар жылына 13 еуро төлейді. 

Лифтте арнайы кабина мен батырмалар жоқ, оның орнына механиканы қосатын электрика бар. Онда тек бір ғана рельс жолы бар. Велосипедші оған келіп бір аяғын қойса-ақ жеткілікті, барар жеріне еш қиналусыз-ақ жетіп алады. Тасымалдаушы жер астына қондырылған арнайы шынжыр арқылы қозғалады. Тронхеймнің төбелі жолдарынан құтылудың ең пайдалы құралы осы болып отыр. Мұндай қозғалыс күшін жасау үшін 20 миллион крон жұмсалған екен.

 

Бұл идея бастапқыда Ярле Ванвик атты тұрғынның ойына келіпті. Құралдың ұзындығы – 130 метр. Ал жылдамдығы – сағатына 7 шақырым. Лифт минутына алты адамды діттеген жеріне жеткізе алады. Айта кетерлігі, бұл транспортпен тек велосипедшілер ғана жүрмейді. Сонымен қатар, балаларға арналған арба итерген аналарға да таптырмас құрал бола білген. Ал кейде тіпті кішкентай балалар да жалғыз аяқпен серуендейтін болған.  

 

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: uznayvse.ru

А. Құлтай