Finger Swipe Headphones – сенсорлы басқарылатын сымсыз құлаққап

Finger Swipe Headphones – сенсорлы басқарылатын сымсыз құлаққап

Finger Swipe Headphones - нарыққа жақында шыққан сымсыз сенсорлы басқару тетіктері бар жаңа құлапқап. Онда Bluetooth сымсыз технологиясы қолданылады және оны сенсорлы панель көмегімен басқару да тым оңай. Мысалы, саусақтың ұшын жоғары бағыттасаңыз, дыбысты басқаруға ие боласыз. Ал горизонтальды қимыл арқылы сіз тректерді ойната аласыз.  

Finger Swipe Headphones кіріс қоңыраулары кезінде, автоматты түрде музыканы уақытша тоқтатады. Ал ондағы микрофон телефон сөйлесулерін қамтамасыз етеді. Сондай-ақ құлаққапты AUX арқылы дыбыс ойнатқышқа аудиокабельмен де қосуға болады. 

Жинақталмалы конструкциясы арқасында ол жеңіл тасымалданады. Ал аккумулятор қуатты USB арқылы алып, 10 сағатқа дейін автономды жұмыс жасай алады. Finger Swipe Headphones сымсыз сенсорлы құлаққабының дүкендегі бағасы 150 доллар тұрады. 

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: gadgetblog.ru

Б. Қосмағамбет