- Негізгі бет
- Шолу
- Қазақстан "KazSat-3" спутнигін...
Қазақстан "KazSat-3" спутнигін ұшырады
Бүгін, яғни, 13 ақпанда өткен ҚР Ұлттық ғарыш агенттігінің кеңетілген отырысында Талғат Мұсабаев "KazSat-3" ғарыш аппаратының жасалып жатқандығын айтты.
"2011 жылдың қарашасында жұмысына кіріскен "KazSat-2" ғарыш аппараты қалыпты режимде жұмыс жасап жатыр. Аппараттың өз мүмкіндігінің 56 пайызы ғана пайдаланылуда. Спутниктік ресурс Қазақстандағы 9 ұялы байланыс операторларына қызмет көрсетуде", - деді агенттік төрағасы.
Мұсабаевтың айтуынша, қазіргі кезде мамандар "KazSat-3" аппаратын құрастырумен айналысып жатыр. Үстіміздегі 2013 жылдың бірінші жартыжылдығында ғарыш аппараттарын басқаруға арналған резервтік комплекс пен Іле Алатауында салынып жатқан байланыс мониторингі жүйесінің құрылыс аяқталады.
"KazSat-2" телекоммуникациялық спутнигін ғарышқа жеткізген "Протон" зымыранының ұшырылу сәті
Айта кетелік, "KazSat-2" аппаратының алдында ұшырылған ""KazSat-1" спутнигі 2008 жылдың 2 желтоқсанында жұмысын тоқтатқан болатын. Борттағы басқару жүйесінің белгісіз себептермен жиі істен шығуы мен құрылғының сапасыздығы мүшкіл жағдайға әкеп соққан болатын. 65 миллион долларға сақтандырылған «Kazsat-1» ғарыш серігіне жұмсалған қаржы толығымен 2011 жылдың қыркүйегінде қайтарылды.
Естеріңізге сала кетейік, KazSat -1 ғарыштық жабдығы 2006 жылдың 18 маусымында Байқоңыр айлағынан Ресей және Қазақстан президенттерінің қатысуымен ұшырылған еді.
Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан
сурет: kursiv.kz