Apple "ақылды сағат" жасай бастады

Apple "ақылды сағат" жасай бастады

Bluetooth қызметі енді сағатта да болады, деп хабарлайды TechCrunch. Сағаттарда PMOLED компаниясы өндіретін 1,5 дюйм көлемді дисплей жасалады. Мұның барлығы да Apple мен Intel-дың біріккен жобасы.

«Ақылды сағаттар» соңғы уақытта кең қолданысқа еніп жатыр. Sony компаниясы болса, дәл осындай Smart Watch сағаттарын жасауда. Ал Pebble өндірген мұндай «ақылды сағаттар» шықпай жатып, өз тұтынушыларынан 10 миллион долларға жуық ақша тапты. Сағат iOS және Android девейстері арқылы қосылады. Десек те, уақытты көрсетіп қана қоймай, әртүрлі қызметтерді қоса ұсынатын өндірушілердің жұмыс деңгейі енді ғана аяққа тұрып жатқандай әсер қалдырады. Солардың ішінде Apple компаниясы бірінші болып рынокты жаулағысы келетін ниетін байқатты.

«Планшетті енді-енді жасай бастаған кезде де тұтынушылар оның кең қолданысқа енетініне сенімсіз болатын, «ақылды сағаттар» да дәл сол планшет секілді қоғамға өзгеріс әкеледі» деп жазады шолушы мамандар ақпарат көздеріне берген пікірлерінде.

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: iphonehacks.com

А. Құлтай