Стив Джобс атындағы яхта

Стив Джобс атындағы яхта

Apple басшысы Стив Джобстың көзі тірі кезінде тапсырыс берген яхтасы Голландияның Koninklijke De Vries аталған аймағында алғаш рет суға түсірілді. Яхта Стивтің қайтыс болғаннан дәл бір жыл өткеннен кейін пайдалануға беріліп отыр. Apple қожайыны Стив өткен жылы айықпас аурудан қаза тапқан еді. 

44

Яхта дизайнын жасау жұмысына Apple дизайнерлері мен француздық дизайнер Филипп Старк қатысқан. Venus («Шолпан») деп аталған яхта 6 жыл бойына жасалды.

Яхта ұзындығы 80 метр. Venus экстерьері алюминийден жасалған. Яғни ол атақты Apple ноутбуктерін еске салады. 

421

Venus яхтасының ашылу салтанатына Стив Джобстың әйелі мен оның үш баласы қатысты. Әзірге яхта кімнің қожалығына өтетіні белгісіз. 

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: zhelezyaka.com

Б. Қосмағамбет