- Негізгі бет
- Шолу
- Қоқыс жинаушы робот...
Қоқыс жинаушы робот сынақтан сәтті өтті
Италияның Печчони атты кішкене қалашығының тұрғындары үшін қоқыс жинау үлкен қиындық туғызады. Оған себеп - қала көшелерінің қоқыс жинаушы көліктердің қозғалысы үшін өте тар болуы. Сондықтан қоқыс жинау жұмысымен тек тұрғындардың өздері ғана айналысатын. Ал «Dustcart» роботының келуімен жағдай басқаша өзгерді.
Segway атты платформа негізінде жұмыс жасайтын «Dustcart» роботы қоқыс жинауға арналған арнайы сенсормен жабдықталған. Тұрғындар роботты шақырса болғаны, дереу жетіп келіп көшені қоқыстан тазалап шығады.
«Dustcart» роботын Анна университеті Жоғарғы мектебінің зерттеушілері жасап шығарды. Ол осы жылдың жаз айында сынақтан сәтті өтіп, сатылымға шығарыла бастады. Қала тұрғындары роботты ұялы телефон арқылы шақыра алады немесе оның келіп жеткендігі жөнінде телефондарына хабарлама ала алады. Бұл такси шақыртудан да оңай іс болып тұр.
Робот келе салысымен адамдар өздерінің пин-кодын енгізіп, қоқыстарын робот қалташасына салса болғаны. Ал қоқысты қала сыртындағы үйіндіге апару жұмысы робот мойнында. Ғалымдардың ең басты жетістігі роботтың өздігінен жол тауып, қозғала алатындай етіп жасалынуы болып отыр.
«Dustcart» роботының бағасы $19000-25000 аралығында деп көрсетілген. Бұл баға жекелей адамдардың қалтасына емес, қалалық бюджетке негізделіп қойылған. Сонымен қатар, зерттеушілер болашақта осы роботтардың қозғалысын бақылайтын және шақыртуларға жауап беретін координациялық орталық ашуды жоспарлап отыр.
Дайындаған: Болат Қосмағамбет
сурет: 3dnews.ru
Б. Қосмағамбет