Техно шолу: Huawei P Smart

Техно шолу: Huawei P Smart
Фото: massaget.kz

Huawei компаниясы 2018 жылдың басында өзінің жаңа Huawei P Smart смартфонын нарыққа шығарды. Massaget.kz жаңа гаджеттің жан-жақты шолуын ұсынады.

Huawei P Smart сатылымға түсе салысымен ең оптимал бағаға ие, орта сегменттегі құрылғы ретінде танылды. Алайда P Smart флагмандық смартфондардан еш кем түспейді. 

Huawei P Smart дизайны жинақы әрі көзге тартымды етіп жасалған. 5.65 дюйм диагональ дисплейдің 18/9 ара-қатынасына мүмкіндік береді. Дисплей 428 ррі тығыздық пен Full HD+ 2160x1080 анықтыққа ие. Кез келген сурет анық әрі сапалы түсіріледі. Себебі экрандағы 1 дюйм 427 пиксельден тұрады. Сағатына 3000 мА батарея қуаттылығы смартфонның бір күн бойы үздіксіз жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. 

Ішкі құрылымы: 
Процессоры: 8 ядролы HiSilicon Kirin 659 
Оперативті жады: 3 GB немесе 4 GB 
Ішкі жады: 32 GB немесе 64 GB 
Қосалқы microSD +256 GB 
Камера: 13/2 мегапиксель

Massaget.kz