Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Бір жылдан кейін орындалған аманат...
Бір жылдан кейін орындалған аманат...

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Техно / Шолу / АҚШ президентінің үйіне хакерлер шабуыл жасады

АҚШ президентінің үйіне хакерлер шабуыл жасады

АҚШ президентінің үйіне хакерлер шабуыл жасады

Ақ үйдің компьютерлік жүйесіне кибершабуыл жасалды. Бұл туралы АҚШ президенті әкімшілігінің өкілі кеше, яғни 1 қазан күні хабардар етті. 

Ақ үй өкілінің сөзіне қарағанда, қыркүйек айында орын алған бұл шабуылды тезірек бетін қайтарудың сәті түскен. Сонымен қатар хакерлер ешқандай құпия құжаттарды алып үлгере қоймаған. Хакерлер бұл кибершабуыл кезінде "spear-phishing" атты техниканы қолданғаны белгілі болып отыр. Бірақ Ақ үй өкілі бұл шабуылды кімнің істегені жөнінде мәлімдеме жасай қойған жоқ.

The Washington Free Beacon сайтының дерегіне қарағанда, шабуыл 30 қыркүйекте жасалған. Сайт өз парақшасында бұл шабуылды Қытай өкіметі жасауы мүмкін дегенді келтіреді. Сонымен қатар олар Ақ үйдің әскери басқармасының (White House Military Office, WHMO) жүйесіне кіруге мүмкіндік алған. Бірақ шабуыл дер кезінде тоқтатылып, хакерлер үшін маңызды құжаттарды ұрлап алу мүмкіндігі сәтсіз аяқталды. 

Осы жағдайларға байланысты Барак Обама әкімшілігі жақын арада өз компьютерлік жүйелерінің қауіпсіздігі үшін жаңа бағдарлама енгізуге ниетті екендіктерін білдірді. 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: infousa.ru

1257 5
Рейтинг: +2

Қосылған күні: 02 қазан 2012, 13:26
Пікірлер
+0
02 қазан 2012, 15:46

компьютерінің пәрөлін ауыстырып қою керек қой, соны да білмей ма)

+0
02 қазан 2012, 17:54

оны кім істегенін мен білем

+0
02 қазан 2012, 18:24

білсеңіз Ақ үй өкілдеріне қоңырау шалып көріңіз. Көмегіңіз тиіп қалар.

+0
02 қазан 2012, 19:00

ойбай, Құдаай сақтасын! Бәлесінен аулақ! Тағы менің қатысым бар деп шықса қайтем! Мен білед деп айтып қоймаңдар, тшшшшшшшшшш :lol: :lol:

+0
02 қазан 2012, 23:24

хмм :?

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...