Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Техно / Шолу / PayPal төлем жүйесі туралы не білесіз?

PayPal төлем жүйесі туралы не білесіз?

PayPal төлем жүйесі туралы не білесіз?

PayPal — әлемдегі ең беделді электронды төлем жүйесі.  Онлайн банкинг ақша аударымдары мен онлайн сатып алу қызметтерінде пайдаланылады. Paypal жүйесін америкалық кәсіпкер Питер Тиль мен канадалық инженер Элон Маск құрастырған. Ал 2002 жылдан бері eBay корпорациясы дербес төлем жүйесіне иелік етеді.

PayPal әлемнің 190 елінде қолданылады. Аталған тізімде Қазақстан да бар. Қазіргі таңда жүйеге тіркелгендер саны 164 миллионнан асқан. Ал қызметтің негізгі бағыттары 24 түрлі валютада жүргізіледі.

PayPal төлем жүйесі қауіпсіз аударымдарды жасауға негізделген. Бүгінге дейін ешбір төлем немесе ақша аударымына қатысты шағым түспеген. Бұл сатушыға да, сатып алушыға да тиімді.

Аталған жүйе арқылы қаржы операцияларын жасау үшін алдымен оның ресми сайтына жеке банктік картамен тіркелу керек. Қазақстанда мына банктердің несие немесе қолданушы картасын онлайн төлем жүйесіне тіркеуге болады:

— Халық Банк (Viza Electron немесе Viza Virtuon) 
— КазкоммерцБанк (мультивалюталы карта) 
— БТА Банк 
— Альянс Банк 
— АТФ Банк 
— Сбербанк

2012 жылдың наурыз айында PayPal өзінің жаңа мобильді қосымшасын іске қосты. PayPal Here атауына ие болған қосымшаны смартфонға орнатып, дүкендерде төлем жұмыстарын жүзеге асыруға болады. Мобильді қосымша iOS пен Android операциялық жүйелеріне бейімделген. 

Дайындаған: Жолдас Өрісбай
Фото: theredwire.org
Қосылған күні: 10 қазан 2015, 18:35

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.