CES 2015 көрмесінде қандай техно өнімдер таныстырылмақ?

CES 2015 көрмесінде қандай техно өнімдер таныстырылмақ?

Жыл сайын АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында CES жаңа технологиялық өнімдердің халықаралық көрмесі ұйымдастырылады. Аталған көрменің бұл жылғы инновациялық бағыты немен ерекшеленбек? Талқыға салып көрелік.

CES 2015 көрмесінде смарт үйлердің технологиясы ең басты назарда болуы мүмкін. Себебі соңғы жыл көптеген техно өнімін өндірушілер үйдің энергия үнемдеу жүйесін дамытумен айналысып келді. Оған қоса адам өмірін жеңілдететін гаджеттер де басты назардан қалмады.

Таныстырылатын жаңа өнімдер көпке жаңалық болмағанымен, жаппай айналымға ене бастаған гаджеттер. Көрмеге ғаламтордағы музыканың тікелей таралу мүмкіндігін беретін акустика, қашықтықтан WIFI арқылы бақыланатын Smarter гаджеті, IP-камерасы бар Sengled Snap смарт-лампасы сынды жаңа өнімдер қойылатын болады.

The Telegraph ресурсына орай, CES көрмесінде смарт автомобильдер де ерекше көзге түседі екен. BMW смарт-сағаттың көмегімен бақыланатын i3 көлігін таныстырса, Mercedes те осыған аналог бола алатын электромобилін дайындауда екен. Audi, Lexus және VW компаниялары да шоудан шетте қалмауға тырысуда.

Одан бөлек, қолға тағатын смарт өнімдер де көрмеге қойылмақ. Олардың танымалдығы Apple смарт-сағатынан кейін байқала бастапты. Сарапшылардың айтуынша, iWatch смарт сағаттары сатылымға шыққаннан кейін, аталған гаджеттің аналогтарына деген сұраныс артуы мүмкін.

Көрменің дәстүрлі негізін құрайтын тұтыну техникасы да жаңартылған үлгіде дайындалған. Айт кетсек, теледидарлар және смартфондар жаңа қырынан көзге түспек.

Sonos, LG және Samsung компаниялары смарт үйдің қосалқы өнімі болатын мультибөлмелі акустикасын көрмеге қояды. Ең бастысы жаңа жүйелі аппарат кез келген девайстың көмегімен басқарылатын болады.

Айта кетелік, CES 2015 көрмесі Лас-Вегас уақыты бойынша бүгін басталып, алдағы үш күн жалғасын таппақ. Ендеше кенде қалмаңыз. Алдағы толық ақпаратпен уақтылы хабардар етіп тұратын боламыз.

Сурет: 10pix.ru, www.cesweb.org, www.entrepreneur.com.

Ж. Өрісбай