Samsung Galaxy S6: Жаңа флагмандағы өзгерістер

Samsung Galaxy S6: Жаңа флагмандағы өзгерістер

Samsung Galaxy Note 4 флагманды смартфоны сатылымға шыға бастағаннан кейін, ғаламторда жаңа Galaxy S6 құрылымы туралы мәліметтер тарай бастады. Аталған смартфонның нақты техникалық мінездемесіне S5 смартфонының 5.1 дюймді диагоналі мен 2560x1440 пиксельді экран мүмкіндігі енеді деп болжануда. Сондай-ақ, аталған смартфон 64-разрядты Snapdragon 810 процессорымен және 4 ГБ оперативті жадысымен жабдықталатын болады.

Айта кетсек, оңтүстіккореялық компания жаңа флагманның 16 ГБ-ты нұсқасынан бас тартып, тек 32/64/128 ГБ-ты нұсқаларын шығаратын көрінеді. Одан бөлек, смартфонды жаңарту жобасымен айналысатын инженерлер тобы екі жақты камераның сапасын біршама арттыруды мақсат еткен.

Корейліктер ұсынатын жаңа гаджет келесі жылдың ақпан айында Mobile World Congress 2015 халықаралық көрмесінде таныстырылатын болады.

Сурет: www.valuewalk.com

Ж. Өрісбай