- Негізгі бет
- Шолу
- 96% нарық iOS...
96% нарық iOS пен Android жүйелеріне тәуелді
Strategy Analytics ұйымының зерттеу нәтижесі бойынша осы жылдың үшінші маусымында iOS пен Android жүйелері әлемдік хабар-байланыс саласының көшбасшыларына айналған. Олар осы күнге дейін өз саласы бойынша әлем нарығының 96%-ын иелеп үлгерген. Оның ішінде Android жүйесі әлі де үстем орында тұр. Смартфондар нарығының 83,6%-ы осы жүйге тәуелді екен. iOS жүйесіне тек 12,3% болған. Жылдың ұқсас мезгілімен салыстырғанда оның деңгейі 1,1% төмендеген.
Үшінші орында Windows Phone жүйесі. Оның нарықтағы үлесі 4,1% екен.
Cурет: easiergame.net
M. Auelkhan