iPhone 6 тұтынушылары тағы да шағымдануда

iPhone 6 тұтынушылары тағы да шағымдануда

Жаңа iPhone смартфондары нарықта үздік нәтижеге жетіп жатса да, сатып алушылардың көңілінен шықпай қалатын тұстары да табылып жатыр. iPhone 6 Plus смартфонының майысып қалуынан арызданған тұтынушылар енді одан да күрделі проблеманы алға тартып отыр.

Apple фанаттарының пікір қалдыруына арналған компанияның ресми форумында жарияланған арыз екі сағаттың ішінде 11 мыңнан аса көрілім тауып, оның соңынан 80 пікір қалдырылған. Онда тұтынушы жуырда ескі Apple өніміне алмастырып алған iPhone 6 Plus смартфонының өте баяу жұмыс істейтінін айтады. Кейде интерфейс қатып қалып, қызыл немесе көк түске ауысып кетіп жатқанын да ескеріп, шағымданады. Сонымен қатар, бірден өзінен-өзі өшіп қалатын әдетін де шығарыпты.

Әзірге Apple компаниясының мамандары жауап жазуға асығып жатқан жоқ. Ал мамандардың айтуынша, дисплейдегі фронт-құрылымның тысқабы нашар болғанынан болуы мүмкін екен. Кейбір тұтынушылар қолдануға келмейтін смартфондарын Apple Store дүкендеріне алып барып, жаңасына ауыстыруларын сұрай бастаған. Дүкеннің басшылары кейбіреулерінің аппараттарын ауыстырып жатса, тағы біреулеріне процестің тұрақталғанынша біршама күте тұруын сұрайды.

Естеріңізге сала кетейік, аталған өнімдер Қазақстанға алдағы бір аптаның көлемінде келетін болады. Қосымша ақпаратты өз қалаңыздағы Apple компаниясының дүкендерінен алуыңызға болады.

Расында, сіз осынша дегбірлі арыз-шағымдардан кейін iPhone смартфондарын сатып аласыз ба?

Сурет: www.gottabemobile.com, discussions.apple.com

Ж. Өрісбай