HTC ұсынған смартфондардың қосалқы камерасы

HTC ұсынған смартфондардың қосалқы камерасы

HTC компаниясы өзінің жаңа гаджеттерімен сатып алушыларды қуанта беруден қалыс емес. Қытайлық компания жуырда ғана жоғары сапалы камерасы бар HTC ONE (M8) смартфонының жаңарған нұсқасын таныстырған болса, енді дербес камераның қолайлы құрылымын модельдеген.

Қолдану аясының өте қарапайымдылығы тұтынушыға камераны ыңғайлы пайдалану мүмкіндігін береді. Ал алынған суреттер мен видеолар бірегей қосылған смартфонның жадысына жазыла береді.

HTC RE деген атауға ие гаджет Android-смартфондарымен қатар, iPhone-ның кез-келген нұсқасына тәуелсіз қосыла алады.

RE камерасын қолға алған бойда іске қосылып, суретке алуға дайын тұрады. Оның жалғыз ғана орталық батырмасы бар. Егер суретке түсіргіңіз келсе бір рет басасыз, ал видеоматериал дайындайтын болсаңыз аталған батырманы біршама көбірек уақыт басып тұратын боласыз.

Камера 146 градусқа дейін бұрыла алады. Сонымен қатар, 16 МПиксельді сапамен fullHD-видео жасауға қабілетті. Оған қоса, Slow Motion және Time Lapse секілді функциялар қамтылған. Алдағы болашақта тікелей эфирді жазып алу мүмкіндіктері де қарастырылмақ. HTC RE камерасының бағасы 200 АҚШ долларын құрап отыр.

 Дайындаған: Жолдас Өрісбаев

Сурет: gigamir.net

Ж. Өрісбай