Apple смартфондарына алғашқы краш-тест (Видео)

Apple смартфондарына алғашқы краш-тест (Видео)

iPhone 6 және iPhone 6 Plus смартфондары сатылымға шықты, ал тұтынушылар оның соққыға төзімділігін тексеру мақсатында телефонды лақтырып жатыр. Ендеше, бақылап көрелік, Apple брендін иемденген жаңа смартфондар қаншалықты төзімді екен.

Краш-тестке тоқ күрең түсті iPhone 6 мен алтын түсті iPhone 6 Plus смартфондары қатысты. Видеотестілеуді жүргізуші екі аппаратты да бірнеше реттен лақтырып көрді. Нәтижеде дисплейдің үлкейгендігінен болса керек, оның шеткі бұрыштары осалдық танытты.

Міне, өздеріңіз куә болып отырғандай, смартфондардың артқы, алдыңғы жақтарымен және тік күйінде ауа массасымен құлауы әлдейқайда зақым келтірді. Дегенмен, iPhone 6 Plus нұсқасы біршама төзімді келетінін өздеріңіз де байқаған боларсыздар.

Кезекте тұрған мыңдаған адамның қолына түсіп үлгермеген смартфондарды соққы тастап тексеріп жатқандары жүрегіңізді ауыртары анық. Дегенмен, өзіңіз қаламаған күйде краш-тестке түсіп қалсаңыз ше?

Бүгін жаппай сатылымға шыққан Applе смартфондарын әлемдегі тұңғыш сатып алушыларының бірі, аустралиялық жігіт, жергілікті тілшіге жаңа аппаратын көрсету кезінде қолынан түсіріп алды. Жаңа аппараттың қорабын ашу кезінде оқыста құлап кеткен смартфонның иесіне жиналған қауымның айтар сөзі жоқ. Иә, жолы болмаған жігіт.

Дайындаған: Жолдас Өрісбаев

Сурет: www.iphones.ru

Ж. Өрісбай