Кеше таныстырылған Amazon Fire Phone смартфонының сипаттамалары

Кеше таныстырылған Amazon Fire Phone смартфонының сипаттамалары

Кеше таныстырылған Amazon Fire Phone смартфоны жөніндегі әңгімемізді жалғастырсақ...

32 ГБ ішкі жады бар гаджет екі жылдық келісімшартпен қоса есептегенде 199 доллар болса, 64 ГБ моделі үшін $299 төлейсіз. Одан бөлек, смартфон сатып алушылар Amazon Prime қызметін 1 жыл бойына тегін пайдалана алады. Айта кетейік, бұл қызметтің бағасы $99 тұрады.

1

Жарыққа шығып отырған смартфон Amazon компаниясының тұңғыш өнімі емес. Ол осыған дейін Kindle электронды оқулығын, Kindle Fire планшетін, сәуір айында Fire TV атты кино көріп, ойын ойнауға болатын приствакасын нарыққа шығарған болатын.

Сонымен, Amazon Fire Phone құрылығысының негізгі сипаттамаларымен таныстырайық:

  • Операциондық жүйесі: Fire OS 3.5.0 Android-та
  • Ұялы байланыс: UMTS/HSPA+/DC-HSDPA (850, 900, 1700/2100, 1900, 2100 МГц), GSM/EDGE (850, 900, 1800, 1900 МГц), LTE (Bands 1, 2, 3, 4, 5, 7, 8, 17, 20)
  • Дисплейі: 4,7 дюймді HD (1280 x 720 пиксельді, 315 ppi), жарығы 590 нит,
  • Негізгі камерасы: 13-мегапиксельді f/2.0 автофокуспен, HDR, оптикалық кескінді тұрақтандырғыш және жарықдиодты жарқыл
  • Фронтальды камерасы: 2,1-мегапиксельді
  • Процессоры: жиілігі 2,2 ГГЦ, графикасы Adreno 330 болатын төртядролы Qualcomm Snapdragon 800
  • Оперативті жады: 2 ГБ
  • Өзінің флеш-жады: 32 ГБ немесе 64 ГБ
  • Бұлтты қоймасы: Amazon барлық контенті мен Fire phone  арқылы түсірілген фотосуреттер үшін
  • Аккумуляторы: 2400 мА/сағ
  • Сөйлесу кезіндегі жұмыс уақыты: 22 сағатқа дейін
  • Күту кезіндегі жұмыс уақыты: до 285 сағатқа дейін
  • Видеоны ойнату кезіндегі жұмыс уақыты: 11 сағатқа дейін
  • Музыканы ойнату кезіндегі жұмыс уақыты: 65 сағатқа дейін
  • Dolby Digital Plus қолдайтын стереодинамиктер
  • Датчиктері: Dynamic Perspective инфрақызыл жарығы бар сенсор жүйесі, гироскоп, акселерометор, магнитометр, барометр, жақындықты анықтайтын сенсор, жарықты анықтайын сенсор
  • Навигация: GPS, A-GPS, ГЛОНАСС, цифрлы компас
  • Сымсыз байланыс: Wi-Fi (802.11a/b/g/n/ac), Bluetooth 3.0, NFC
  • SIM-картасы: Nano-SIM
  • Порты: Micro-USB 2.0, 3,5 мм құлаққапқа арналған
  • Өлшемдері: 139,2 x 66,5 x 8,9 мм
  • Салмағы: 160 грамм. 

 

Салыстырмалы түрде жаңа девайсты Moto X және Samsung Galaxy S5 смартфондарының жанына қойып көрейік:

1

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

Сурет: gizmag.com

Б. Қосмағамбет