- Негізгі бет
- Шолу
- Интернет-империяларының картасы жарыққа...
Интернет-империяларының картасы жарыққа шықты
Ұлыбританиядағы Оксфорд университетінің ғалымдары интернет-империяларының дүниежүзіндегі ықпалы жөнінде карта жасап шығарды, деп хабарлайды NEWSru.com.
Картада жетекші орындарды Google пен Facebook ресурстары иеленіп отыр. Алайда олардың ықпалы барлық елдерде бірдей емес. Тіпті кейбір елдерде бұл ресурстар қолданылмайды. Мысалы Қытайда қолданушылардың барлығы Baidu ұлттық іздеу жүйесіне сүйенеді. Baidu сондай-ақ аудиториясының көптігімен жетекші интернет-империяларының да алдын орап отыр. Одан бөлек Baidu Оңтүстік Кореяда да көшбасшы ресурсқа айналып үлгерген.
Жапония мен Тайванда Yahoo ресурсының жергілікті нұсқасы қолданылады. Ал Қазақстан болса әлі де сол Mail.ru "құрсауынан" шыға алмай отыр. Беларусьте «ВКонтакте» әлеуметтік желісі үлкен сұранысқа ие болса, Ресей елінде "Яндекс" көшбасында тұр.
Картаны үлкейту үшін басыңыз.
Дайындаған: Болат Қосмағамбет
Сурет: ©geography.oii.ox.ac.uk
Б. Қосмағамбет