Nokia-ның ел білетін телефондары

Nokia-ның ел білетін телефондары

Microsoft компаниясы ұялы телефон жасап шығарумен айналысқан алғашқы компаниялардың бірі Nokia-ның мобильді бизнесін сатып алғалы жатқанын мәлімдеді. Дей тұрғанмен, Nokia компания ретінде жоғалып кетпейді, бірақ өз бетінше ұялы телефон жасаумен бұдан былай айналыспайтын болады. Осыған байланысты фин компаниясы шығарған аты аңызға айналған телефондарды еске түсірсек.

1987 жыл. Nokia Mobira Cityman

Қолға сыятын алғашқы «кірпіштердің» бірі. 

1993 жыл. Nokia 1011


Әлемде жаппай сатылған ең бірінші GSM стандартты телефон. Сонымен қатар, SMS қабылдай алатын тұңғыш телефон болған.

1998 жыл. Nokia 5110


Кіріктірілген ойыны бар (жылан) алғашқы телефондардың бірі болды.

1999 жыл. Nokia 3210


Тарихтағы ең танымал ұялы телефондардың бірі – мұндай телефондардың 160 миллионға жуық данасы сатылған. Ерекшелігі: телефон панелін ауыстыру мүмкіндігі.

2000 жыл. Nokia 3310


Осы бір танымал телефонның «жойылып кетпейтіндігіне» байланысты интернетте көптеген әзіл-қалжыңдар жарияланды. 

2001 жыл. Nokia 5510


Бұл аппараттың басты ерекшелігі ретінде ән жазуға болатын 64 мегабайттық флеш-жадын айтуға болады.

2002 жыл. Nokia 6800


Бұл телефон мәтіндік хаттармен, соның ішінде электронды поштамен жұмыс істеуге арналған құрылғы ретінде шығарылды. Ол пішінімен ерекшеленді – сандық пернетақта артқа шалқайған кезде QWERTY-пернетақта ашылатын.

2003 жыл. Nokia 6108


Бұл құрылғы стилуспен жабдықталды. «Стилустік» енгізуге арналған экран артқа шалқаятын пернетақта артында жасырын тұрды.

2004 жыл. Nokia 3230


PoC қызметімен жабдықталған бірінші телефондардың бірі болды: ұялы телефон операторының қолдауымен ол рация секілді жұмыс істейтін болған. Яғни қолданушы керекті абонентпен сөйлесер кезде батырманы басып, ал жауапты тыңдау үшін батырманы жіберетін еді.

2004 жыл. Nokia 6620


Бұл телефон интернеттен видео көруге мүмкіндік берген алғашқы құрылғылардың бірі. 

2004 жыл. Nokia 6260


Nokia 6260-тың камерасы оның қырында орналасты. Оны қолдану ыңғайлы болуы үшін ел аузында «книжка» аталған телефон экранын бұру керек болатын.

2005 жыл. Nokia 1100


Nokia 1100-дің жалпы 250 миллион данасы сатылған. Аталған модель тарихта ең көп сатылған телефон болып қана қоймай, сонымен қатар, ең көп сатылған электронды құрылғы атанған.

2005 жыл. Nokia 3250 XpressMusic


Nokia 3250 бірінші кезекте өзінің ерекше корпусымен есте қалды: телефонның төменгі бөлігі айналмалы болды. Ол телефоннан плеерге немесе камераға ауысуға мүмкіндік берді.

2005 жыл. Nokia 6280


Осы телефонның басты ерекшелігі слайдер және 2005 жылы үздік болған функционал болды: екі камера, жад картасы және 3G желісін қолдау.

2005 жыл. Nokia N70


Nokia-ның N-сериялы алғашқы смартфондарының бірі.

2006 жыл. Nokia 5300


Nokia 5300 телефоны Series 40 платформасында жұмыс істеді. Ол - телефон мен плеердің бір құрылғыға біріктірілген нұсқасы. Плеерді экранның сол жағында орналасқан батырмалардың көмегімен басқаруға болатын.

2007 жыл. Nokia 7900 Prism


Құрылғы сәнқойларға арналған 7XXX-тің классикалық өкілі болды. Мүмкіндіктері шектеулі болғанымен, үшбұрышты батырмаларымен бірден көзге түсетін.

2008 жыл. Nokia E63


Қымбат емес бизнес-смартфон нарықта BlackBerry құрылғыларымен бәсекелесті.

2008 жыл. Nokia N97


N97-нің фунциясына қарап айтар болсақ, суперқұрылғы болды, бірақ кейбір кемшіліктеріне байланысты - жадының жетіспеушілігі мен GPS-тің әлсіздігі қолданушылардың көңілінен шыға қоймады.

2008 жыл. Nokia 5800


Nokia-ның Айфонды қуып жетуінің алғашқы мүмкіндігі.

2009 жыл. Nokia X6


X6 Comes With Music бағдарламасына қатысты: құрылғыны сатып алушылар бір жыл бойы Nokia-ның интернет-дүкенінен әнді тегін жүктей алды.

2010 жыл. Nokia 1280


Сенсорлы смартфондардың өркендеу кезеңінде компания даму үстіндегі елдерге қарапайым құрылғыларды шығаруды жалғастыра берді. 

2010 жыл. Nokia N8


Symbian^3 платформасындағы бірінші құрылғы және N97-де жіберген қателерді түзеу амалы. Алдын ала тапсырыс беру бойынша Nokia құрылғылары ішінде рекордшы атанды.

2013 жыл. Nokia Lumia 1020


2011 жылдан бастап Nokia-ның негізгі операциондық жүйесі - Windows Phone болды. Оның басқаруында болған құрылғылар Lumia атауын иеленді. Қазір Windows Phone танымалдылығы жағынан Android пен iOS-тан кейін үш орында тұр. 

Дайындаған: Ерғали Елдос

Сурет: lenta.ru

Ж. FM