Facebook-тің негізін салушылардың бірі Шон Паркердің тойы өтті

Facebook-тің негізін салушылардың бірі Шон Паркердің тойы өтті

Facebook-тің негізін салушыларының бірі 33 жасар миллиардер Шон Паркер мен 24 жасар әнші Александра Ленас үйлену тойларына 10 миллион доллар құртып, оны "Тақтар ойыны" (Игра престолов) сериалы стилінде жасаған.

Шон Паркер мен Александра Ленас екеуінің тойы 1 маусымда болып кеткен еді. Бірақ қымбат тойдың суреттері тек жақында танымал Vanity Fair журналының қыркүйектік санында жарық көрді. 

Жас жұбайлар Шон Паркер мен Александра Ленас 

Үйлену тойы Калифорниядағы табиғаты cұлу Биг-Сюр деген жерде болды. Тынық мұхитының жағалауындағы орманның ортасында орналасқан Ventana Inn & Spa қонақ үйі жастардың той кештерінің салтанатты жеріне айналды. Көпғасырлық ағаштар, Тынық мұхитының желі және арнайы қойылған декорациялар той алаңын нағыз ертегі қылды. Арнайы осы той үшін орманда көпірлер, кіші өзендер, кішкентай сарқырамалар жасалды. Ұзын ағаш үстелдері, орындықтар, тартылған шатырлар "Тақтар ойыны" сериалы стилінде орындалды.

Кештегі 300 қонаққа "Сақтар әміршісі" (Властелин колец) фильмі стилінде киімдер тігу Найла Диксонға жүктелді. Қонақтарға жіберілген тойға шақыру хаттары ескі түтікшіге оралған қағаз болды. 

Көптеген басылымдар тойдың ойы "Тақтар ойынынан" алынған деп жазса да, Паркердің өзі ол нақты сценарийді ұстанбағанын айтады. 

"Біздің қонақтарға киім дайындап беруіміз той "Тақтар ойынына" ұқсасын дегендіктен емес. Киім бойынша суретші Найла Диксонның Оскары бар, демек ол заманауи, әдемі, ерекше киімдер тіге біледі," – деп ол өз туиттеріне жазды.

Бірақ Elie Saab-тан керемет салтанатты ақ көйлек киген қалыңдықтың бейнесі, макияжы мен жіберілген ақ шашы "Тақтар ойыны" сериалының басты кейіпкері Дейенерис Таргариеннен аумай қалды. Жас жұбайлардың бір жасар Уинтер есімді қызы кештегі ең сәнді ару болды. 

Түрлі есептеулер бойынша, Шон Паркер бұл ертегі сынды тойы үшін 4,5-10 миллион доллар құртты. Шығындардың арасында 600 мың доллар тұратын қақпа, 350 мың доллар тұратын еден, 1 миллион доллар тұратын арнайы той үшін отырғызылған ерекше өсімдіктерді атауға болады. Жергілікті әкімшіліктен табиғаттағы той үшін 1,5 миллион долларға рұқсат алынды. Бұған әр қонақтың киімі, жастардың киімдері мен қонақ үй шығындары, тағам бағаларын қоссақ, сол 10 миллион доллар шығып қалар. 

600 мың доллар тұратын қақпа

Тойда көптеген танымал кісілер: әнші Стинг пен оның әйелі, Эмма Уотсон, Оливия Манн, Джон Ленноның ұлы Шон Леннон, Metallica тобының мүшесі Ларс Ульрих, туиттер желісінің негізін қалаушы Джек Дорси және басқалар көрінді.

Кеш қонақтары

Джон Паркер – Napster, Plaxo және Facebook қоғамдық желісінің негізін қалаушыларының бірі. Паркердің Facebook-қа келуі оны танымал қоғамдық желілердің бірі қылды. 2005 жылы Паркер Facebook-тан кетуге тура келді. "Қоғамдық желі" (Социальная сеть) фильмінде Шон Паркердің рөлін Джастин Тимберлейк сомдаған.

Бүгінде Шон Паркер Forbes тізімінде 249-орында тұр, оның иелігінде 2 миллиард доллар бар.

"Біз тойымыз "Ерте, ерте, ертеде..." деп басталып, "Олар ұзақ және бақытты өмір кешті" деп аяқталғанын қалаған едік. Той біткеннен кейін де қонақтар қайтқылары келмей, табиғат аясында таңға дейін отырды," – дейді Шон Паркер.

Біреу Паркерді ақшаны бос құртқан деп есептесе, басқалары ертегі болған тойға қызығып қарайды. 

Дайындаған: Сания Аринова

Суреттер: vf.com

С. А