Genius ұсынған Cam Mouse камера-тышқаны

Genius ұсынған Cam Mouse камера-тышқаны

Жеке компьютерлерге әртүрлі құрылғылар шығарумен айналысатын Genius компаниясы «1 ішіндегі 2» Cam Mouse аталған жаңа тышқанын жасап шықты.

Құрылғының аты айтып тұрғандай, инновациялық манипулятор бір уақытта қарапайым тышқан болып та немесе қас қағымда суретке түсіріп, оларды желіге жібере алатын веб-камера болып та қызмет атқара алады. Сондай-ақ ол QR-кодтарды танып, ол жөніндегі толық ақпараттарды шығарып бере де алады.

Cam Mouse құрамына 1200 DPI мүмкіндіктегі сенсор мен 2 МП болатын камера кіреді. Бұл құрылғы әсіресе өзінің жеке веб-камерасы бар ноутбук иелеріне таптырмас құрал болып отыр. Себебі ноутбуктегі камераны белгілі бір сәтті түсіруге пайдалану үшін оны құрылғымен тұтас қозғауға тура келеді. Ал жаңа тышқанның көмегімен ол әдістен толық бас тартасыз.   

Девайсты пайдалану да оңай. Мысалы ондағы камераны іске қосу үшін бар болғаны объектив жапқышын түрсеңіз болғаны.

Құрылғы жөнінде қысқаша анықтама:

  • Blue Eye технологиялы мүмкіндігі 1200 DPI сенсор (кез-келген жерде жұмыс жасай алады)
  • 2.0 МП камера, 720P HD сапасында түсе алады
  • Ыңғайлы эргономиялық корпус  
  • Фотоларды баптауға және QR-кодтарын тануға арналған бағдарламалық қамтамасыз ету
  • Genius Cam Mouse құрылғысының бағасы - 29,90 $. 

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: 3dnews.ru

Б. Қосмағамбет