- Негізгі бет
- Шолу
- Дене жылуымен қуатталатын...
Дене жылуымен қуатталатын қол шам
15 жасар Энн Макосински алақан жылуымен жұмыс жасайтын қол шам ойлап тауып отыр.
Пайдалы қондырғы Google өткізген ғылыми жәрмеңкеде көпшілікке таныстырылып, Санкт-Майклс университетінің студенті арнайы жүлдемен марапатталды. Канадалық өнертапқыш кез келген адамның өне бойында тұнып тұрған жылуды бір қажетке жаратқысы келіпті.
Қол шам термоэлектрлік пар (температура өзгерісінен ток көзін түзетін қондырғы) арқылы қуатталады. Компьютердегі микросхеманы салқындатып тұратын Пельте элементі қондырғының негізгі түзілім көзі ретінде қарастырылады. Өздеріңіз білетіндей, Пельтье элементі салқындатқан және қыздырған бөліктен қуат көзін түзу артықшылығына ие.
Қалай ойлайсыз, мұндай өнертабыс бізге керек пе?
сурет:rnd.cnews.ru; gizmod.ru
Дайындаған: Фараби Арыстанбек
Л. Лига