Curiosity Марстың алып көрінісін жасап шықты

Curiosity Марстың алып көрінісін жасап шықты

Curiosity аппаратымен тығыз жұмыс жасап келе жатқан NASA мамандары Марс ғаламшарының жаңа гигапиксельді көрінісін жариялады. Көрініс аппарат көмегімен түсірілген жеке 900 кадрдан құрастырылып жасалған екен. Көріністің түпнұсқасын NASA агентігінің сайтындағы арнайы беттен көруге болады. Ал оның сығылған нұсқасын JPL зертханасынан жүктей аласыз. Онда әр суреттің аттары жазылған. 

Көріністегі суреттердің басым көпшілігі (850) Mastcam ұзынфокусты камерасынан жасалса, тағы да 21 фотосурет сол аппараттағы кеңбұрышты камерадан алынды. 25 сурет ақ-қара түсті Navcam навигациялық камерасы есебінен түсірілді.   

Барлық кадрлар 2012 жылдың 5 қазаны мен 16 қарашасы аралығында Марстың Рокнест аталған құмды ауданында жасалған. Дәл осы жерде бұрын Curiosity "Қызыл планета" бетінің топырақ үлгілерін алған еді.  

Көріністе Марс бетіндегі жақын аудандарды тамашалауға болады. Айта кетейік, суреттегі ғаламшардың түсі мамандардың өңдеуінен кейін ғана қалыпқа келіп, көпшілікке ұсынылып отыр. Себебі қазір Марс бетінде қатты дауыл тұрған. 

 

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: zhelezyaka.com

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Чемпиондар лигасы: 1/4 финалдың жеребесі тартылды
Чемпиондар лигасы: 1/4 финалдың жеребесі тартылды
"Пандемия кедергі емес". Қазақстандағы Алтайда қалай демалыс өткізуге болады?
"Пандемия кедергі емес". Қазақстандағы Алтайда қалай демалыс өткізуге болады?
Данышпандық — әйелдерге қарағанда ерлерге көбірек тән қасиет
Данышпандық — әйелдерге қарағанда ерлерге көбірек тән қасиет
Дұрыс тамақтану жайлы нақылдар
Дұрыс тамақтану жайлы нақылдар
Жыландар қалай ұшады?
Жыландар қалай ұшады?
Жер сілкінісі де тоқтата алмайтын жолаушылар пойызы
Жер сілкінісі де тоқтата алмайтын жолаушылар пойызы