- Негізгі бет
- FAQ
- Facebook-ті қазақшалау...
Facebook-ті қазақшалау
"Сіздің поштаңызға мына суреттегідей хат келіп көрді ме?
Иә, бұл – Фэйсбуктегі танысыңыздың (немесе танысыңыздың танысының) сізді фэйсбукке тіркелуге шақырған өтініш хаты. Бұл әлеуметтік желі дәл қазіргі таңда әлемдегі тұтынушы саны ең көп әлеуметтік желіге жатады. Фэйсбук – "Мой мир"-дің басқа түрі, шет елдік түрі, әлемдік түрі. Ол сайтқа тек бұрынғы Кеңес Одағы, қазіргі ТМД елдері ғана емес, әлемнің төрт бұрышындағы елдердің интернет тұтынушылары тіркелген, пайдаланушыларының саны 800 миллионнан асатын ең ірі вебсайт" - дейді блогшы Тимур Бектұр жеке блогында.
Блогшы Данияр Сәкенов жақында Скайп бағдарламасын қазақшалаған болатын. Енді Фэйсбук әлеуметтік желісін қазақшалау жолын ұсыныпты.
Facebook-ті қазақшалау
Қазіргі күні Facebook тек 30 пайызға ғана қазақшаланған. Жалпы Facebook аударуға қолайлы жағдай қалыптастырған, бірақ көбі аударудың әдісін білмейді. Сіздерге біраз сол жағынан хабар бермек ниетім бар. Әлем қолданатын Facebook желісін аудару қазақ тілінің мерейін үстем етер деп ойлаймын.
Сондықтан ағылшын тілінен хабары барларды осы әлеуметтік желіні аударуға атсалысуға шақырамын.
Facebook-қа өз аккаунтыңызбен кірген соң, алдымен http://www.facebook.com/?sk=translations сілтемесі арқылы өтіп, аудару қосымшасын орнатамыз.
1. Керек тілді таңдаған соң, жалғастыру түймесін басамыз.
2. Мынадай бет ашылады
суретті толық форматта көру
3.
а) Аударма қосымшасы, үздік аудармашылар тізімі және аудару стилі бойынша басшылық (қазақша әзірге жоқ екен);
ә) Аудару тілін таңдау опциясы (тек 30 күнде бір рет қана ауыстыра аласың);
б) Аударылған нұсқаға дауыс бере аласың немесе ұнамаса өз нұсқаңды енгізуге болады;
4. Аудармаларды немесе ағылшын тіліндегі түпнұсқасын іздеу;
5. Сіздің аудармаларыңыздың саны мен алған бағаларыңыз көрсетіледі;
6. Аудару ұйымдастырушыларына ұсыныс немесе шағым айту үшін байланысу;
7. Аптадағы аудармашылар үздіктері;
8. Аудармашылар қауымдастығы.
және төменгі сол жағына жылдам аударуға көмекші қалқымалы терезе қосылады. Жоғарыдағы бетке өту үшін осы түймені баса салуға болады немесе Қосымшалар (Apps-Приложения) ішінен Аудармалар (Translations-Переводы) қосымшасы арқылы өте аламыз.
9. Айтпақшы аударулардың барысын көріп отыру үшін, интерфейс тілін қазақшаға ауыстыруды ұсынамын.
10. Менің аудармаларым және алған бағаларымның саны:
11. Бір санымен белгіленген аумақта Leaderboard ішінде бір айдағы/кейінгі аптадағы/жалпы үздік аудармашыларды көруге болады.
Үздіктерді іріктеу автоматты түрде аудармалар саны мен бағасын есепке алу арқылы қалыптастырылады.
Кім үздік болар екен, қане көрейік!
Ал енді мақаламды Тимур ағаның блогынан алынған тағы бір қызықты мәліметтермен аяқтайын:
2012 жылдың мәліметі бойынша, Facebook-ке 800 миллионнан астам тұтынушы тіркелген. Бұл дегеніңіз – әлемдегі әрбір 13 тұрғын. Егер Фэйсбукті мемлекет деп алар болсақ, онда ол Қытай мен Үндістаннан кейінгі халқының саны ең көп үшінші ел болар еді.
Өткен жылдың тек қана мамыр айында Фэйсбукке 138,9 миллион қолданушы кірген.
18 бен 34 жастағы адамдардың 48% пайызы ұйқысынан тұрған бойда Фэйсбуктегі өзінің бетшесін тексереді.
Американ жастарының 48%-ы жаңалықты Фэйсбуктан оқиды.
Жаңа жыл кешінде 750 мың сурет жүктеледі.
Радио өзінің 50 миллиондық аудиториясын – 38 жылда, теледидар – 13 жылда, интернет – 7 жылда, ал Фэйсбук 400 миллион тұтынушыны 5 жылда жинаған.
Фэйсбук қолданушысы саны жағынан Қазақстан 100-орында тұр.
Автор: Данияр Сәкенов