ЖСН нөмірін есте сақтау

ЖСН нөмірін есте сақтау
Фото: Sputnik Казахстан

Жеке куәліктегі 12 цифрдан құралатын ЖСН нөмірі қандай сандарға байланысты құрылғанын білесіз бе? Егер білсеңіз есте оңай сақтап алар едіңіз. Ендеше, назар аударыңыз.

12 цифрдің бастапқы 6 цифрі сіздің туған күніңіз. Бірінші туған жылыңыздың соңғы екі цифрі, одан кейін қай айда туғаныңыз, үшінші дүниеге келген күніңіз жазылады. Егер 1990 жылдың 30 қарашасында туған болсаңыз, ЖСН нөміріңіз 901130 деп басталады. 

Одан кейінгі жетінші цифр көпшілігінде бірдей болады. Ол қай ғасырда дүниеге келгеніңізге және ер-әйел жынысты екеніңізге байланысты:

XIX ғасырда дүниеге келген ер адамда – 1 саны;
XIX ғасырда дүниеге келген әйел адамда – 2 саны;
XX ғасырда дүниеге келген ер адамда – 3 саны;
XX ғасырда дүниеге келген әйел адамда – 4 саны;
XXI ғасырда дүниеге келген ер адамда – 5 саны;
XXI ғасырда дүниеге келген әйел адамда – 6 саны жазылады.

Біз көпшілігіміз XX ғасырдың ұрпақтары болғандықтан, 3 не 4 жазылып тұрған болуы керек. 

Одан кейінгі төрт цифр куәліктің реттік нөмірі. Ал соңғы цифр бақылау нөмірі. 

Алдыңғы алты және жетінші сан да неге байланысты екені белгілі, енді соңғы бес цифрді есте сақтап алсаңыз, кез келген жерде ЖСН нөміріңізді жатқа айта аласыз.

@. @assel_assanova