Шынайы өмірдің көзілдірігі

Шынайы өмірдің көзілдірігі

Замана көшінен қалғысы келмейтін, смартфон мен планшеттердің соңғы үлгілерін алғысы келетін жастарға "Google" корпорациясы соңғы мүмкіндіктерді қарастырған, жар астынан жарқанаттарды көруге де мүмкіндік беретін көзілдірік жасап шығарды.

"Google Glass" көзілдірігінің қандай артықшылықтары бар екен? Біріншіден, аталған көзілдірік дауыс арқылы басқарылады. Екіншіден, әлеуметтік желілерге еш қиындықсыз кіре алады. Үшіншіден, видеочат пен визуальды навигатор арқылы орасан зор мүмкіндіктер қарастырылған (бейнебаяннан тамашалаңыз).

Бүгінгі таңда "Google Glass" көзілдірігі тиімділік тұрғысында қолмен басқарылатын планшетті артта қалдырып отыр. Сонымен қатар алпауыт корпорация адам бетіндегі кішікомпьютердің сәнді көрінуі үшін дизайн саласында соны қадамдарға барған.

сурет:ftl.com.ua
Дайындаған: Фараби Арыстанбек
Л. Лига