Сапасыз бензинді ажырату жолдары

Сапасыз бензинді ажырату жолдары
Фото: yandex.kz

Жанармай сататын бекеттер де, оны өңдеумен айналысатын кәсіпорын да көп. Шетелден экспортталып келіп жатқан жанар-жағармайлар тағы бар. Сондықтан таңдау бар жерде, жақсы сапалы жанармайды айыра білу қажет.

Сапасыз жағармайды ажыратудың бірнеше жолы бар.

1. Ең оңай жолы – бензинді ақ параққа құйып, оның кепкенін күту. Егер парақ кепкеннен кейін қағаздың бетінде дақ, кір қалмаса, онда бензин, сөзсіз таза деген сөз. Ал егер ақ парақта майлы дақ қалса, демек бензин таза емес әрі оны сатып алудың қажеті жоқ.

2. Жанармайдың сапалы не сапасыз екенін танудың тағы бір жолы – құрамында қара майдың бар-жоғын анықтау. Ол үшін шынының үстіне бензиннің бір тамшысын құйып, өртеп көру керек. Егер бензин жанып біткен кезде шынының бетінде дақ қалмаса, жанармайда қара май жоқ деген сөз. Бар болғанның өзінде өте аз. Ал егер қара не сары дақ қалатын болса, онда қара май көп болғаны.

3. Шыны ыдысқа бензинді толтырып, күнге тосып қарап көріңіз. Бензиннің түсі сары болуы тиіс. Оған марганец ерітіндісін қосып араластырамыз. Содан кейін бензиннің түсі өзгеріп, қызғылт түске боялса, онда бензиннің құрамында су бар деген сөз.

! Бензин құйған ыдысты тамаққа пайдаланып жүрмеңіз.

4. Бензинді аздап қолға құйып саусақпен уқалап көріңіз. Егер уқалаған жеріңіз тез құрғайтын болса, бұл жақсы бензин деген сөз. Ал майлы із қалатын болса, бензиннің сапасына күмән келтіруге болады.

5. Иісті жақсы сезетін адам болсаңыз, онда бензин жай иіскеп көріңіз. Бензиннен күкіртсутегінің иісі сезілетін болса, бұл жақсы емес. Онда нафталин бар деген сөз. Ондай бензинді сатып алмай-ақ қойыңыз.

Қ. Слямбек