- Негізгі бет
- Білесіз бе?
- Ең қымбат бренд...
Ең қымбат бренд
Forbes журналы әлемдегі ең қымбат брендтердің биылғы рейтингін жариялады. Aplle корпорациясы 9-шы жыл қатарынан көш басындағы орнын сақтап келеді.
Сарапшылар америкалық корпорацияның құнын 205,5 миллион долларға бағалаған. Бір жыл ішінде бренд бағасы 12%-ға өскен. Сондай-ақ, алғаш рет 200 миллион доллардан асып отыр.
Рейтингте алғашқы бестікті тек технологиялық компаниялар иеленіп тұр. Apple корпорациясынан кейін екінші орында Google келеді. Құны 167,7 миллион доллар деп бағаланған. Өткен жылғы нәтижесімен салыстырғанда бұл компанияның құны 27 %-ға өскен.
Үздік үштікті Microsoft түйіндеуде. Бренд құны 125,3 миллион доллар көлемінде. 2018 жылғы құнынан 20 % жоғарылаған. Сондай-ақ, алғашқы бестікке Amazon ($97 млн) мен Facebook ($88,9 млн) енген.
Ең қымбат брендтер ондығында технологияға қатысы жоқ компаниялар да бар. Атап айтсақ, Coca-Cola (6-орын — $59,2 млн), Disney (8-орын — $52,2 млн), Toyota (9-орын — $44,6 млн) және McDonald's (10-орын — $43,8 млн).
Рейтинг бойынша 20-ға жуық танымал брендтің құны төмендеген. Олардың қатарында ESPN (-10%), GE (-8%) және Hyundai (-8%) компаниялары бар. Бәрінен қатты құлдырағаны - Швецияның H&M сауда желісі. Өткен жылмен салыстырғанда бренд құны 11,5 миллион долларға арзандаған.
Н. Үсенова