Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Техно / Білесіз бе? / Өз өнертабысының құрбандары

Өз өнертабысының құрбандары

Өз өнертабысының құрбандары

Адамдар қателіктен сабақ алады десек те, физика, химия саласында қызмет ететін мына өнертапқыштардың тағдыры қауіпті ойын ойнағанмен тең.

2010 жылдың басында британиялық кәсіпкер Джими Хеселден гироскутер өндіретін Segway компаниясын сатып алады. Сол жылдың күзінде кәсіпкер өзінің үйінің айналасында серуендеуді жөн санайды. Кенет құздан құлап қаза табады. Бұл жағдайды ғаламтор парақшаларында қолданушылар кеңінен талқылады. Сенуге болатын жағдай, өйткені, тарихта өз өнертабысының құрбаны болғандар жеткілікті.

Ұшамын деп…

өнертапқыштарМеханикалық динозаврларды еске салатын ұшатын аппараттардың құрылысымен айналысқан Отто Лилиенталь монопланнан бастап орнитоптерлерге дейін зерттеу жүргізіп, өз тәжірибесінен өткізеді. Оның құстардың қалықтау мүмкіндігіне жүргізген зерттеу жұмысы физикалық теорияның негізін қалап, кейін ұшақ жасау барысында өзге өнертапқыштарға септігін тигізді. Лилиенталь әр түрлі биіктіктегі құздар мен шыңдардан тәжірибе мақсатында ұшып көреді. Тіпті, 1893 жылы Берлинде жасанды жартас жасап, оны “Fliegeberg”  (неміс тілінен аударғанда “Ұшуға арналған тау” деп атайды.

Ал, оның соңғы мәрте қалықтаған күні 1869 жылдың 9-тамызына сәйкес келді. Отто, Германияның солтүстігінде Рин қалаларының біріндегі дөңнен ұшады. Оның өнертабысы - глайдердің қозғалтқышы істен шыққан сәтте, 15 метр биіктіктен үлкен жылдамдықпен құлап, мойнын сындырады. Оны жедел түрде Берлиндегі хирургқа жеткізгенімен, оны аман алып қалу мүмкін болмайды. Оның өлімінен 40 жыл өткен соң, Лилиенталь салған жасанды төбені ескерткіш ретінде қайда өңдейді. Ал, өмірден өтер алдын Отто өзінің бауырына бүгінде тәжірибелік ғылымның нақылына айналған “Құрбандықсыз мүмкін емес” тіркесін айтқан екен.

Ғылымға деген адалдықпен...

өнертапқыштар

Мария и Пьер Кюрилер физика мен химия әлемінің жаңа ғасырына жол ашып қана қоймай, тура мағынасында өз өмірлерін медицина мен ғылым жолына арнады. Бұл отбасылық жұп ғылымға деген адалдықтарымен есте қалды: олар полоний мен радийді ашты.

XX ғасырдың басында бұл екі элементтің адам денсаулығына қалай әсер ететіні белгісіз болатын. Сондықтан, жұбайлар бұл элемент бөлшегі салынған сынауықты қалталарында ұстаған. Ал, Мария өзінің күнделігінде радий салынған сынауықты ашып қойып, түнде қалай жылтырайтынын қызықтағанды жақсы көргенін айтады. Пьер Кюридің өлімі ғылыммен еш байланысы жоқ. Ол Нобель сыйлығын алғаннан соң араға үш жыл салып, кенеттен ат арбасының астына түсіп қаза табады.

Оның жары Мария Кюри полоний мен радийді зерттеуін тоқтатпайды. Ол Нобель сыйлығына алғаннан кейін, 66 жасында ақ қан ауруынан бақилық болады. Тәжірибе барысында жүргізген жазба жұмыстары бүгінде Парижде ұлттық кітапханада сақтаулы. Бірнеше жыл бойына радиактивті заттар сіңген жазбаны өзіңіз үшін қауіпті санамасаңыз, алып оқуға болады.

Өз кемесінде…

өнертапқыштарМұхит түбіне батқан “Титаниктің” тағы бір құрбаны оның сызбасын салып, құрастыруға атсалысқан – кіші Томас Эндрюс.

XX  ғасыр басында  кіші Томас Эндрюс Ирландиядағы атақты кеме құрастырушылардың бірі болатын. Ол жолаушылар лайнерін құрастырған еді. Оның атақты жұмыстарының бірі – “Олимпик”. “Олимпик”, “Титаник” және “Британникті” құрастыру барысында оның қауіпсіздігіне жауапты болған.

Лайнер мұздықпен соқтығысқан соң, кемені аман сақтау мүмкін еместігін түсінген ол жолаушыларды құтқару жұмысына белсенді ат салысып, өзі кемеде қалуды жөн санайды. 1912 жылы 12 сәуірде 2000 жолаушыдан небәрі 700 жолаушы аман қалады.  

Өрлеу құрбаны

өнертапқыштарРотационды баспа машинасын 1843 жылы Ричард Марч Хоу ойлап табады. Бірақ, оны жетілдірген Уильям Буллок 20 жылдан соң баспа ісіне жаңа табыстар әкеледі. Ол автоматты жүйе бойынша қағазды беруді, бүктелу механизмін, екі жақты және түрлі-түсті басылымды ойлап табады. Бұл сағатына 30 000 парақтың өңделуіне әкелді. Соның арқасында газеттер мен журналдардың тираж саны артты.

Араға төрт жыл салып, жетілдірілген баспа машинасын өз өнертпқышының ғұмырына балта шабады. "Паблик Леджер" басылымның жұмысы барысында, тұрып қалған механикалық блокті түзету үшін аяғымен итере бастайды. Кенеттен жұмыс істеп кеткен машина аяғын бірге жұтып алады. Бірнеше күннен соң, Буллок өмірден өтеді.

0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Томирис Есқали
Фото: naukatv.ru
Қосылған күні: 12 қазан 2018, 10:35

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.