Оқи отырыңыз

Ісіңізге, еңбегіңізге, оқуыңызға нағыз адамгершілікпен қарасаңыз, сөз жоқ, жеңіске жетесіз.

Автор: Қаныш Сәтбаев

— Редактор бағаны —

Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді
Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Техно / Білесіз бе? / "Жасанды сана – ядролық қарудан да қауіпті" – Маск

"Жасанды сана – ядролық қарудан да қауіпті" – Маск

Жыл сайын АҚШ-тың Техас штатында өтетін SXSW фестивалінде канада-америкалық инженер, кәсіпкер, инвестор әрі миллиардер Илон Маск SpaceX жобасының жоспарлары жайлы және жасанды сананың адамзат үшін қауіпті тұсын айта кетті, - деп жазады The Verge басылымы.

Илон Маск фестиваль кезінде ең таңдаулы сұрақтарға жауап берді. Себебі оған қойылған сұрақтар онлайн жолданып, арнайы дауыс беру арқылы таңдалған.

SpaceX жобасының басшысы Марс пен Айда адамзат өркениетін өркендеткісі келеді. Оның компаниясы Марсқа алғашқы тәжрибелік сапарын 2019 жылдың басына жоспарлауда. Ал ол кезде ұшатын Big Falcon Rocket (BFR) зымыраны әлі жасалу үстінде.

Инвестор фестиваль көрермендерінен келген "Біз қалай көмек қолымызды соза аламыз?" - деген сұраққа да жауап берді. Ол өз ісіне қолдау білдіріп, жетістікке жетуіне тілектес болса жеткілікті екенін айта кетті. Әзірге көп елдер SpaceX жобасына қырын қарайтынын, егер жүзеге асса жолдас болуға асығып отырғанын да жасырмады.

Илон Маск адамзат өмірі үшін жасанды сананың қаупі көп екенін баса айтты. Одан келер қауіп – адамзат баласын түгелдей жойып жіберуі де мүмкін екен.

- Менің сөзімді есте сақтаңдар. Жасанды сана – ядролық қарудан да қауіпті. Қоғам үшін келетін зияны ұшан-теңіз. Осыны қадағалайтын неге бірде-бір ұйым жоқ? Бұл – барып тұрған естен адасу – деді танымал маман.

Илон Маск қазіргі таңда уақытының 90 %-н SpaceX жобасына арнап жатқанын да айта кетті. Жолданған сұрақтарға 1,5 сағат ішінде жауап беріп үлгерді.

Айта кетейік, жасанды сана жыл санап дамып келеді. Қазірдің өзінде осы бағыт бойынша неше түрлі бағдарламалар жасалып үлгерді. Жан-жағымызды жаулап алды десек те қаталеспейміз. Қарапайым ғана бәріміз білетін Siri мен "Сәлем Google" іздеу жүйелерін айтуға болады.

Жалпы ұғымда, жасанды сана — сіздің сұрағыңызды ұғып, оған нақты жауап іздеуге негізделген компьютер.

Фото: The New Daily (Getty), 512tech.com
Қосылған күні: 12 наурыз, 17:03
Пікірлер

Бұл жазбаға әлі пікір жазылған жоқ. Бірінші болып пікір білдіріңіз.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.