Facebook сіз бен біз жайлы не біледі?

Facebook сіз бен біз жайлы не біледі?
Фото: www.likeni.ru

Қолданыстағы ең белсенді, ең үздік әлеуметтік желінің бірі – Facebook. Марк Цукерберг жасаған бұл жүйе қазір миллиондаған АҚШ долларын әкеліп отыр. Дегенмен бұл әлеуметтік желі біз бен сіз туралы не біледі? Тіпті барлығын да білетін болар...

 

Біз Facebook әлеуметтік желісіне тіркелген кезде сұралатын ақпараттар:

– Аты-жөніңіз (толық)

– Туған жылыңыз және ай-күніңіз

– Жынысыңыз

– Құпия сөзіңіз

– Байланыс нөмірі және электронды пошта

– Біліміңіз туралы толық ақпарат

– Тіліңіз

– Тұрғылықты жеріңіз

– Ұлтыңыз

– Материалдық жағдайыңыз (тіпті мұны да сұрайды)

– Отбасылық жағдайыңыз

– Айналысатын кәсібіңіз

– Жұмыс орныңыз және қызметіңіз

– Банктік нөміріңіз бен несиелеріңіз

– Пайдаланатын гаджетіңіз

Дәл осындай тіркелуден өткеннен кейін сіз толыққанды әлеуметтік желінің тұтынушысы бола аласыз.

Ал бұл ақпараттар арқылы Facebook әлеуметтік желісі біз туралы нені біле алады?

Жұмыс туралы ақпарат

Бұл бөлімді көбінесе пайдаланушылар өздері жазады. Ал Facebook болса осы ақпарат арқылы ол компания туралы, оның жұмыс барысы мен орналасқан жерін біле алады.

Ақшаңыз, кірісіңіз және шығыныңыз

Біз кейде мақтанып өзімізге тіркелген жылжымайтын мүліктерді жазып қоямыз. Осы ақпарат арқылы Facebook сіздің кірісті, шығынды және ақшаңызды есептеп бере алады.

Пайдаланатын гаджет немесе смартфон

Facebook әлеуметтік желісі бұл арқылы сіздің қай кезде, қашан, қандай құрылғымен желіге кіргеніңізді анықтай алады. Ол ғана емес, сіздің қанша топқа админ екеніңізді де біледі.

Отбасы және достар

Facebook әлеуметтік желісі сіздің бөлісіп отырған отбасылық суреттер мен ақпараттарға қарап достарыңыз туралы, сіз туралы толық ақпарат жинай алады.

Ең қызығы бұл ақпаратты Facebook аспаннан алмайды. Оны біз өзіміз береміз. Яғни сұраған нәрсесін жазып, толтырып, ақпарат беріп қоямыз.

М. Ақан