Смартфон аккумуляторын 5 минутта қуаттайтын құрылғы жасалды

Смартфон аккумуляторын 5 минутта қуаттайтын құрылғы жасалды
Фото: elecjet.com

Америкалық Elecjet компаниясы самртфон аккумуляторын 5 минутта қуаттандыратын құрылғы жасап шығарды,– деп хабарлайды TengriMIX.

Компания мамандары жаңа USB Type-C портативті жалғастырушы тетігін жасап шығарды. Құрылғы смартфон, планшет пен ноутбукты жылдам қуаттай алады. Оны сынақтан өткізу арқылы iPhone X және iPhone 8 – 90 минутта, ал  iPhone 5, 6, 7 және SE – 5-10 минутта толық қуат алатыны анықталды. "Кофе ішіп болғанша аккумулятор ұялы телефоныңызды толық қуаттай алады, оның үстіне қолыңызда үнемі ноутбуктың қуаттаушы құрылғысы болады", - дейді Elecjet мамандардың бірі Уэйд Лам.

Бұл құрылғылар 2018 жылы сатылымға шығады деп жоспарланған. 

Н. Үсенова