- Негізгі бет
- Білесіз бе?
- Жасанды сана миллиард...
Жасанды сана миллиард жылдан бері бар
Жасанды сана – табиғи сана мен технология арқылы жүзеге асатын, қазіргі кезде зерттеуді талап ететін жетістіктердің бірі. Алдағы ақпараттарда жасанды сана туралы жазған болатынбыз. Бірақ берілген ақпаратқа қарама-қарсы пікір пайда болды.
Коннектикут университеті және Принстондағы зерттеу институтының маманы – Сюзан Шнайдер жасанды интеллекттің бұрыннан бар екенін алға тартады. "Мен өзге ғаламшарлықтардың дамуы биологиялық өркениет көзі деп айта алмаймын" дейді. Дамыған өзге ғаламшарлықтар постбиологиялық өркениет болады немесе жасанды санаға негізделеді.
Сюзан Шнайдер өзінің зерттеу жұмысы кезінде: "Өзге ғаламшарлықтар қалай ойланады? Оларда түйсік бар ма?" деген сұрақтарға жауап іздейді.
Бірінші – "қысқа бақылау терезесі". Қоғам ғарышпен байланысқа түсетін технологияға қол жеткізген күні биологиялық түр жүз жыл ішінде жасанды санаға айналады. "Қысқа бақылау терезесі" арқылы біз өзге ғаламшарлықтардың постбиологиялық түр екенін аңғаратын боламыз.
Екінші – "өзге ғаламшарлықтар өркениетінің өсуі". SETI орталығы өзге ғаламшарлықтардың адамдардан өте ертеде пайда болғанын алға тартады. Тіпті 1,7 миллиард жылдан 8 миллиард жыл аралығы көрсетілген. Егер бұл тұжырым шындық болса, олардың бізден ақылды екені сөзсіз. Біз тек ғаламшарлық жәндіктер ғана боп қалуымыз мүмкін.
Ең қызығы олар биологиялық түр болсын, постбиологиялық түр иесі болсын жасанды сана иесі бола алады. Олардың милары әулиелік деңгейге өтіп кеткен.
Үшінші – олар біз секілді оттегі көзіне байланып қалмаған. Олар өліп-қайта тірілу үрдісін жасай алуы мүмкін. Жасанды сананың дамуы туралы осы жерде айтып кетуге болады. Яғни олар кез келген жерге бейім және өмір сүріп кете алады.
М. Ақан