Цифрлы Қазақстан: жасампаз қоғамды қалыптастыру

Цифрлы Қазақстан: жасампаз қоғамды қалыптастыру
Фото: kapital.kz

Цифрлы қоғам – білім мен барлық саладағы ақпараттың басым болып, адамдардың өмір салтында ақпараттық-байланыс технологияларының белсенді қолданылуы және бизнес, қоғам мен мемлекеттің арасындағы тығыз қарым-қатынастың орнауы үстемдік орнайтын жаңару заманының заманауи бөлігі.

Ақпараттық-байланыс инфрақұрылымы заманауи талаптарға жауап бере отырып, елдің қоғамдық-экономикалық өмірінде сандық әлеуеттің қалыптасуын қамтамасыз етеді.  Дегенмен, халық жаңа цифрлы технологиялар ұсынған мүмкіндіктер мен артықшылықтарды қолдануды білмесе, ақпаратты жеткізудің жоғарғы жылдамдықты желісі қолданыстан шығады да,  тиімділігі жоғалады.  Сонымен қатар, инфрақұрылымға нәтижесіз шығарылған шығынның мол болуы есебінен халықтың санасында сенімсіздік пайда болу қаупі жоғары. Бұл қауіптің алдын-алу үшін цифрлық дағдылары қалыптасқан жасампаз қоғамды құру керек.

Цифрлы дағдылар – экономиканың барлық саласының өсім көзін қалыптастыратын негізгі күш. Цифрлық қоғамның кірігуіне (интеграция) мүмкінкіндік беретін, мемлекеттік және жеке сандық қызметтерге жол ашатын, өнімділік пен бәсекеге қабілеттілікті арттыратын маңызды бөліктерді жинақтаушы да осы.

Ақпараттық-байланыс инфрақұрылымының дамуы кәсіпкерліктің негізін меңгеруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, қашықтықтан бағдаламалау жүйесін үйреніп, мобилді қосымшаларды жасау, бағдарламалауды қамтамасыз ететін жүйені ойлап табу, оларды сату және қолдануды үйретеді.

Осылайша, цифрлы құрылғыларға қарай бет бұру жаңа технологияларды дұрыс қолдану кіші және орта бизнесті дамытып, ауылдық елді-мекендердегі халықтың қызметке ие болу мүмкіндігін арттырады. 

Т. Есқали