- Негізгі бет
- Білесіз бе?
- Цифрлы Қазақстанның болашағы...
Цифрлы Қазақстанның болашағы қандай?
Бүкіл әлем цифрлы технологияларды дамытып жатқаны бекер емес. Ал Google6 SpaceX, Facebook сынды корпорациялар ұшқышсыз ұшақтарын көкке ұшырып, тегін интернет таратуды жолға қойып жатыр.
«Цифрлы Қазақтан» жобасы да халыққа қызмет көрсету үдерісін дамытуға бағытталады. Одан бөлек, өндірістік секторда энергетикалық ресурстардың көзін іздеудің интеллектуалдық шешімдерін табу болып табылады.
«Агроөндірістегі шаруа жұмыстарын автономды құрылымға бейімдеу Үкіметтің қолдауымен жылдам жүзеге асырылуы тиіс. Ал роботтандыру мен интернет өндірістік компанияларды модернизациялаудың негізіне айналады. Осылай қызмет көрсету саласындағы IT-компанияларға деген сұранысты арттырамыз», - дейді Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев.
Сағынтаев мырзаның айтуынша, цифрлы трансформация тек өндіріс секторын ғана емес, цифрлық экономиканың аймақтық дамуын да қамтамасыз етеді.
«Қазақстанның территориясы үлкен болғандықтан оның әлеуметтік-экономикалық даму типтері әртүрлі. Мұны бір жүйеге енгізу үшін жергілікті әкімдермен біріге жұмыс істейміз. Ол үшін халықтың басым бөлігінде интернетке кіру мүмкіндігі бар болуы тиіс», - дейді үкімет басшысы.