Түйіндемеңіз бірден көзге түссін десеңіз...

Түйіндемеңіз бірден көзге түссін десеңіз...
Фото: https://gosslugba.kz/

Түйіндемеңізді жұмыс берушіге жіберместен бұрын бір тексеріп шығуды ұмытпаңыз. Өйткені, сіздің болмысыңыздан хабар беретін алғашқы нәрсе – түйіндеме.

1. Түйіндемеге тым көп ақпарат жазбаңыз:

Әрине, түйіндемеңізге өзіңіз туралы ақпаратты сыйдырғыңыз келеді. Бірақ, оның маңыздылығына назар аударыңыз.  Жұмыс өтіліне мектеп кезінде даяшы болып атқарған қызметіңізді енгізуден аулақ болыңыз. Жұмыс беруші үшін керекті ақпараттармен ғана бөлісіңіз.

2. Дағдыларыңызды жазғанда абай болыңыз:

Қазір екінің  бірі қолданатын бағдарламалардың тізімін жазып қою жұмыс берушіге сіздің қабілетсіздігіңізді көрсетеді. “JotForm” компаниясының басшысы Стив Гибсон бір сөзінде «Microsoft Office бағдарламасымен жұмыс істеймін дегендер Google Docs бағдарламасынан хабарсыз»,– деген болатын.

3. Портфолио орнына сілтемелерді қоданыңыз:

Заманауи түйіндемеде «портфолио» деген тіркес кездеспеуі тиіс. Егер жұмысқа қабылдағанын қаласаңыз, сіздің атқарған жұмыстарыңызға тікелей сілтеме берілуі керек.

4. Әлеуметтік желідегі парақшаларыңызды жасыру – қателік:

Жұмыс берушілер сіздің әлеуметтік желідегі парақшаңызға да назар аударады. Сіздің әр жазбаңыз арқылы бұл жұмысқа қаншалықты лайықты екеніңізді аңғарады.

5. Минимализм стилін қолданыңыз:

Түрлі-түсті, өлшемі сан қилы әріптерді көрген бойда жұмыс беруші түйіндемеңізді қайта жауып тастайды. Ол сізді талғамсыз адам ретінде көрсетеді.

Жұмысқа сәтті орналасу үшін оған дайындықты да дұрыс жүргізуіңіз керек. Іске сәт!

Т. Есқали